Урок по химия для 8 класса Ерітіндіні? концентрациясы. Еріген заттарды? массалы? ?лесі


§38. Ерітіндінің концентрациясы.Еріген заттардың массалық үлесі Сабақтың мақсаты: Оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, ерітінділердің концентрациясы, еріген заттардың массалық үлесі жайында сипаттауға, еріген заттардың массалық үлесін формула бойынша таба білуге үйренеді. Күтілетін нәтижелер: А) Ерітіндінің концентрациясы деген ұғымның енгізілуі, анықтамасы, ерітіндінің бөлініп, аталуын айтады. Б) Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін, массалық үлесті бірлік үлестермен белгілейтіндігін айтыды, массалық үлестің формуласын жазады. В) Ерітіндінің проценттік концентрациясына есептерді шығарады. Білімділік: Оқушылардың ерітінділердің концентрациясы, еріген заттардың массалық үлесі бойынша ұғымдарын қалыптастыру. Жалпы химия курсы бойынша білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. Осы уақытқа дейін алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Қызығушылығын оята отырып, жаңа сабақты меңгерту. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өздігінен білім алуға, шапшаңдылыққа баулу. Химияда суда еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық қатынасты анықтау үшін ерітіндінің концентрациясы деген ұғым енгізілген. Ерітіндінің концентрациясы еритін зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады. Ерітінді концентрлі және сұйытылған болып бөлінеді. Егер ерітіндінің ішінде еріген зат мөлшері аз болса сұйытылған, көп болса концентрлі ерітінді деп аталады. «Қаныққан» және «концентрлі», «қанықпаған» және сұйытылған» ерітінді деген ұғымдарды бірбірімен шатастыруға болмайды. Ерітіндінің концентрациясын химияда әр түрлі әдістермен көрсетуге болады. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі дегеніміз – еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы болып табылады. Белгілі массалық үлесті ерітінді даярлау үшін төмендегі формуланы пайдаланады: w = m1( еріген зат )m(ерітінді) Еріген заттың массалық үлесін көбінесе процентпен өрнектейді. Онда формула былай өрнектеледі: w =m1 ( еріген зат )m(ерітінді) *100% Массалық үлесті бірлік үлестермен белгілейді (мысалы, w = 0.05. Бұл берілген ерітіндінің 100 г-ында 5 г еріген зат бар екенін көрсетеді немесе процентпен 0,05*100% = 5%-тік ерітінді): w =m1( еріген зат)m(ерітінді ) *100%   1-есеп. Тұздың 15% - тік 200 г ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет екенін есептеу.Формулаға сүйенеміз: w =m(е.з )m(ерітінді) *100%осыдан                                             m1(е.з) = 15%∗200100% =30г тұз қажет.                         mH2 O =m (ерітінді) - m1(е.з) = 200 – 30 = 170г су. Жауабы: 30г тұз, 170 г су.2-есеп. Жеміс-жидек консервілеу комбинатында қиярды тұздау үшін ас тұзының массалық үлесі 0,05 немесе 5% - тік ерітіндісі қолданылады. Осындай 1 т ерітінді даярлау үшін қанша ас тұзы және қанша су қажет екенін есептеу.Формула бойынша: w = m(е.з)m(ерітінді)  *100%осыдан m1(е.з) =1000 ∗5100 =50 кг тұз,m(H2O) =1000 кг-50 кг=950 кг су. Жауабы: 50кг тұз, 950 кг су.   3-есеп. 60 г суға 20 г қант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесін (%) табыңдар.Алдымен ерітіндінің массасын табамыз: m(ер) = m(H2O) + m( е.з ) = 60г + 20г = 80г, w = m(қант)m(ерітінді) =2080=0,25немесе 25 % ерітінді. Жауабы: 0,25 немесе 25 %.4-есеп.Тұздың 100 г 20 %-тік ерітіндісімен 50 г 32 % -тік ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі заттың массалық үлесі қандай? Алдымен әр ерітіндідегі тұздың массаық үлесін табайық:                         m1(е.з) = 100 г∗20%100 % = 20 г тұз, 𝑚1 (ер.з) = 50∗32%100%= 16 г тұз. Ерітіндінің жалпы массасы: m ( ер-ді ) = 100 + 50 = 150 г. Енді араластырылған ерітіндінің жалпы массалық үлесін табамыз: w= 20+16150 = 36150 =0,24 немесе 24 % ерітінді. Жауабы: 0,24 немесе 24%.   Үйге тапсырма: §38 оқу, 5-6 есеп (105 бет).