Жа?андану жа?дайында?ы т?уелсіз ?аза?стан мен Т?ркия республикасыны? ?зара байланысы ж?не оны? болаша?ы


апвТарих пәні мұғаліміШукетаева Анаргул Ибатуллаевна
түркияның мемлекеттік туы, елтаңбасы және картада орналасатын жері XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды.Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.Қысқаша тарихы

Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыскезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кәмәл Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Мемлекеттің алғашқы президенті Мұстафа Кемал Ататүрік
Мұстафа Ісмет ІнөнүЛауазымға 11 қараша 1938 ие болды. Лауазымын 22 мамыр 1950 ж аяқтадыТөрт мәрте таңдалған (1938, 1939, 1943 және1946). Қызмет еткен партиясы - Түркия республикалық халық партиясы Түркия Демократиялық партиясының президенті Махмұд Джеләл Байяр Түркия Демократиялық партиясының премьер-менистрі Аднан Мендерес 1946 жылы қаңтарда жаңа саяси ұйым Түркияның Демократиялық партиясы құрылып, ірі буржуазия мен феодалдық – помещиктік топтардың мүддесін қорғады. 1950 жылы 14 мамырда өткен парламент сайлауында Түркия Демократиялық партиясы жеңіске жетті. Түркия Демократиялық партиясы жетекшілерінің бірі Джемал Баяр Республика президенті қызметіне сайланса, Партия хатшысы Аднан Мендерес премьер-менистр қызметіне тағайындалды. Сөйтіп, түркияда Демократиялық партия үкіметінің 10 жылдық үстемдігі орнады.


Махмұд Джеләл БайярЖас кезінде банксаласы және француз тілі бойынша орта білім алған. Өмір жолын Бурса қаласындағы банк қызметкері болып бастады. Кемалшылар революциясына (1919 - 22) белсене араласты. 1924 - 32 жылы кәсіпкерлер банкісінің бас директоры, 1932 - 37 жылы Түркияның экономика министрі, 1937 - 39 жылы премьер-министріміндеттерін атқарды. 1939 жылы парламенттегі көпшілік дауысқа ие Республикалық халық партиясымен келісе алмағандықтан, үкімет құрамынан шықты. Үкіметкеоппозициядағы Демократиялық партияны ұйымдастырушылардың бірі және 1946 жылдан осы партияның төрағасы болды. 1950 жылы мамырда өткен сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетіп, Баяр президент болып тағайындалды.

1952 ЖЫЛЫ Түркия ресми түрде НАТО-ның, ал 1955 жылы Бағдат пактісінің мүшелігіне қабылданды.
1960 жылы 28-29 сәуірде Стамбұл және Анкара университеттері студент жастарының толқулары басталды. Ол басқа қалаларға жайылып, жастардың қозғалысын басқа да топтардың өкілдері қызу қолдады. Осындай шиеленіскен жағдайда Түркияның саяси сахнасында армия қатрындағы «Жас офицерлер» ұйымы шықты. 1960 жылы 27 мамырда болған әскери төңкерістің нәтижесінде Демократиялық партия үкіметінің үстемдігі құлатылып, саяси билік жаңадан құрылған «Ұлттық бірлік комитетіне» өтті, оны генерал Д.Гюрсель басқарды. 1961 жылы қабылданған жаңа конститутция буржуазиялық-демократиялық бостандықтарды жариялады.

Джемаль Гюрсель(1895—1966)Түріктің әскери және қоғам қайраткері, Түркия мемлекетінің 1960-1966 жылдар аралығындағы президенті.  Артиллерист мамандығы бойынша әскери білім алған. Ататүрік жетекшілігімен түрік армиясының мүшесі болған. Палестина мен Сирияда болған шайқастарға қатысқан, британдықтар қолында тұтқында болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін грек-түрік соғысына қатысқан. 1950 жылдың соңына таман құрлықтағы әскер басшысы болып қызмет атқарады.1960 жылы өткен төңкерістің ұйымдастырушысы болған. Осыдан кейін мемлекет басшысы орнына отырады.1960-1966 жылдар аралығында Түркия президенті болып тағайындалады.

Джевдет Сунай(1900—1982)Лауазымға 28 наурыз 1966 ие болды. Лауазымын 28 наурыз 1973 аяқтады. Қызмет еткен партиясы – Әскерүрік әскери және мемлекет қайраткері. 1919-1922 жылы ұлт- азаттық соғысқа қатысты, сонан кейін штабтарда түрлі қызметтер атқарды. 1950 ж. биргада генералы дәрежесінде Бас штабтың оперативтік басқармасы бастығының орынбасары, кейін осы басқарманың бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары болды. 1960 ж. Бас штабтың бастығы болып тағайындалды. 1966 ж. 28 наурыз-1973 жылы 6 сәуірде Түрік Республикасының Президенті.
Лауазымға 6 сәуір 1973ие болды. Лауазымын 6 сәуір 1980 аяқтады . Қызмет еткен партиясы – ӘскерФахри Корутүрк(1903—1987) 1980 жылдың қыркүйегінде әскери басшылар тағы да әскери төңкеріс ұйымдастырып, билікті Ұлттық Қауіпсіздік Кеңестің қолына тапсырды. Қауіпсіздік кеңесті генерал К.Эврен басқарды. Ол экономикалық реформаларды ретке келтіру үшін үкімет құрамына Тұрғыт Озалды енгізді. 1983 жылдың қараша айындағы парламент сайлауында шрш өндіріс және банк капиталының мүддесін қорғайтын Тұрғыт Озал бастаған «Отан» партиясы жеңіске жетті. Лауазымға 9 қараша 1982 ие болды. Лауазымын 9 қараша 1989 аяқтады. Қызмет еткен партиясы - ӘскерКенан Эврен(т. 1917) Тұрғыт Озал(1927—1993)950 жылы Стамбұл техникалық университетін бітірген. 1952 жылы АҚШ-қа оқуға жіберіліп, онда экономика саласы бойынша білім алды. 1953 жылы Түркияға оралған соң Электр жүйелері басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1961 – 1962 жылы әскери борышын Ұлттық қорғаныс министрлігінің ғылым анықтама кеңесінің мүшесі ретінде өтеді. 1962 – 1982 жылы премьер-министр кеңсесіндегі техника мамандар құрылымының мүшесі, премьер-министрдің кеңесшісі, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінде кеңесші, Экономика үйлестіру мекемесінің төрағасы, Дүниежүзілік банкте кеңесші, премьер-министрдің экономикалық істерге жауапты көмекшісі болды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда Тұрғыт Озал оны алғаш таныған қайраткер болды. Ол 1993 жылы Қазақстанға арнайы сапармен келіп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне зиярат етті. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуына қолдау жасады. Алматы қаласындағы көшелердің біріне оның есімі берілген.
Лауазымға16 мамыр 1993 ие болды. Лауазымын 16 мамыр 2000. Қызмет еткен партиясы – ӘділеттікСүлеймен Демирел(т. 1924)Түркияның мемлекет қайраткері, елдің тоғызыншы президенті.Ыстамбұл техникалық университетін бітірген (1949). Саяси жұмысын 1961 жылы “Әділет” партиясына мүше болудан бастады. 1964 жылы өткен 2-құрылтайда осы партияның бас төрағалығына сайланып, үкіметте вице-премьер қызметін атқарды. 1965 жылы 10 қазанда өткен сайлауда “Әділет” партиясы көпшілік дауысқа ие болды. Сүлеймен Демирел партия жетекшісі ретінде Түркия үкіметін 4 жыл басқарды. Осы мерзім аралығында ел экономикасы дамып, әлеуметтік салада оңды өзгерістер болды. 1969 жылы 10 қазандағы кезекті сайлауда “Әділет” партиясы тағы да жеңіске жетіп, ол екінші рет премьер-министр болып сайланды. 1971 – 1980 жылдары аралығында бұл партия 3 қайтара жеңіске жетіп, үкімет құрды. Саяси қайраткер, Түркия Республикасының 10-президенті (2000 – 07). Афион лицейін, Анкара университетінің құқықтану факультетін (1962) бітірген. Осы жылы Анкара қаласының сотының орынбасары қызметіне тағайындалды. Әскери қызметті әскери училищеде оқып, запастағы лейтенант шенінде аяқтады. Көбінесе, әкімшілік істер мен арбитраждық істер соттарында қызмет Ахмет Неджет Сезератқарды. Құқықтану негіздері саласы бойынша Анкара құқықтану факультетінде магистратура бітірген. (1978). Түркия Республикасы арбитражының мүшелігіне сайланып (7.3.1983), 1988 жылы байқаулық негізде Түркия Республикасы Конституциялықбақылау мекемесінің негізгі мүшелігіне бекітілді. 1998 жылы 6 ақпанда Конституциялық бақылау мекемесінің президенттігіне сайланды. 2000 жылы 16 мамырда Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық мәжілісінде (парламент) көпшілік дауыспен Түркия Республикасының Президенті болып сайланды.Ахмет Неджет Сезер

Абдулла Гюль(1950 ж.т.)Түрік саясаткері, 2007 жылдың 28 тамызынан қазірге дейін Түркия президенті.2002-2003 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі, кейін премьер–министрдің көмекшісі, шетел істері министрі қызметін атқарған. 2007 жылы мамыр айында Абдуллаһ Гүл президенттікке сайланады. Алайда Я.Бююканыттың бастамасымен халық Гүлге қарсы шығады, көпшіліктің қалауымен Абдуллаһ Гүл кандидат орнын босатады. Қайта өткен сайлау барысында Гүл президент болып сайланып, сол күннен бастап өз қызметін бастайды. Лауазымға 28 тамыз 2014 ие болды. Қазіргі Түркияның 12 президенті. лауазым иеленуші . Қызмет етіп жатырған партиясы – Əділеттілік жəне даму партиясыРәжәп Тайип Эрдоған(1954 ж.т.)Режеп Тайип Эрдоған 1954 жылы 26 ақпанда Касыспаша кварталының Бейоглу ауданының Қаратеңіз жағалауының жайықтық күзет отбасында дүниеге келген. «Миллиет» газетінің хабары бойынша, өзінің берген сұхбатында шыққан жері Ажерии (Гүржістан) екеніні айтқан. Жас кезінде лимонад пен тоқаш сатқан. 1965 жылы Эрдоган Пийале Пашадағы бастауыш мектепті бітірген. 1973 жылы Стамбулдағы діни имам-хатып лицейін тәмамдаған. В. Эйлеп атындағы лицейді аяқтаған.
Әділет және даму партиясы — Түркияның басты және белді партияларының бірі, үкімет басында партия, 2001 жылы 14 тамыздан бері Таийп Эрдоганның басшылығымен құрылған. Партия көсемі - Реджеп Таийп Эрдоган. Туркия президенті Абдулла Гульде осы партияның құрушылардың бірі. Бұл партияның қазіргі таңдағы басты мақсаты, 1980 жылдан кейін әскери төңкерістен кейін, конституцияға әскер басшылардың күшін шектейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Партияның ұраны - Барлығы Туркия үшін (Herşey Turkye için). Стандартты түстері: сары мен ақ түстері.
Ірі қалаларыСтамбулБодрумАНКАРа

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлықтай орын бар. Ең әйгілі орындар. Олар:Ыстамбұл — (түр. Istanbul) - Ислам мен Византиялық мәдениет мұраларыКаппадокия — (түр. Kappadokya) -Түркияның ең ғажап жер. Каппадокия бұл табиғаты мұралары қалыптасуы.Эгей теңізі — (түр. Ege denizi) - Антикалық мұралары және қираған көнегрекиялық мен римдық көне қалалар.Жерорта теңізі — (түр. Ak deniz) - Теңіздіқ курорттар Түркияның оңтүстік жағасы.және т.б Пайдалы қазбаларыТүркия жерінде 100 түрлері пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмірі және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кен көп. Тұз көлінде көп тұз кендер бар. Түркияның ұлттық тәтті тағамдары

style.rotation
 Қазақстандық телеарналарда түрік тілдес досымыздың әр түрлы телехикаялары көрсетілуде Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған - түркия
Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жандандырды. 1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келісімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті. Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және "Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы" келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастарының достық бағытта одан әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты. Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға жол ашты.Жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия республикасының өзара байланысы және оның болашағы Ертеректе Түркияда шетелдік студенттерге арналған «Түркия Республикасының сынағы» бағдарламасы жұмыс істеді. Бұл бағдарлама Түркиядағы Ұлттық білім министрлігі жанынан құрылды.Бағдарламаның аты 2012 жылдан бастап «Түркия бурслары» болып өзгертіліп, Шетелдегі Түркі тілдес халықтар министрлігінің қарамағына берілді.Бұл бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл сайын артып келеді.
Атырау қазақ-түрік лицейіАтырау облысы әкімінің 1993 жыл 6 тамыздағы № 237 шешімімен құрылған «Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі атауы Атырау облыстық әкімиятының 2004 жыл 18 қазандағы № 200 қаулысымен «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген. Лицей жаратылыстану бағыты бойынша білім береді. Оқыту тілі қазақша. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Адам, қоғам, құқық негіздері, дүние жүзі тарихы, БӘД, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу пәндері қазақ тілінде; орыс тілі, орыс әдебиеті - орыс тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, информатика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде; түрік тілі-түрік тілінде оқытылады.