Жина? Теректі ауданыны? ескерткіштері


Ұлы Отан және азамат соғысында қаза тапқандарға рухына қойылған мемориал.
Ескерткіш сәулет және мүсін өнерін пайдалана отырып, кеңестік монументальды көркемөнер дәстүрінде орындалған. Сәулет-мүсін композициясына көлденең созылған тұғыр қосылған. Тұғырдың сол жақ тік қабырғасында –әскери тақырыптағы барельеф, оң жағынан жауынгердің мүсіні орнатылған. Жауынгердің тұлғасы толық бейнеленген. Барельефті қабырғаның алдына Мәңгілік алау орнатылған. Тұғыр бетоннан жасалып, әктелген. Тұғырдың алдыңғы бөлігінде: «Никто не забыт, ничто не забыто». («Ешкім де, еш уақытта ұмытылмайды»)- деген жазу бар. Бұл тарихи ескерткіш Федоровка ауылының орталық алаңында, Достық үйінің жанында 1979жылы орнатылған. Авторы: мүсінші А.Н.Поляков (Ленинград). Жауынгер мүсіні, мүсіндер тобы, ескерткіштегі жазулар және бетонды тақталардың барлығы Ленинград қаласында жасалған. Ескерткіш 1979 жылы 3шілдеде ашылды. Ескерткіш биіктігі -7м, сол қолында каскасы бар жауынгердің пішіні -4м.
Тәуелсіздік монументі.
2012 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президент күніне орай , Федоров селолық округінің орталық саябағында ашылды.


Ұлы отан соғысында қаза тапқан жерлестерге мемориал.
Бұл тарихи ескерткіш 1975 жылы Ақжайық ауылында орнатылған. Ескерткіш тік және көлденең бетонды бағаналар түріндегі сынтастан тұрады. Тік сынтас бес бұрышты жұлдызбен аяқталған. Горизонтальды қасбет жағы екі бөлікке бөлініп, олардың аралықтарына алтын жалатылған әріптермен қаза тапқан жерлестердің аты-жөндері жазылған. Қаза тапқандардың тізімінде 269 жауынгердің аты-жөндері бар.

Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге қойылған ескерткіш.
Ескерткіш 1972 жылы Ақсуат ауылында орнатылған. Бетоннан қойылған ескерткіш сатылы негіздегі тұғырған орнатылған. Бес тармақты жұлдызбен аяқталып, беткі бетінде жазуы бар тақтатас бекітілген. Ескерткіштің биіктігі -12м.

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлестерге арналған мемориал.
Ескерткіш Аңқаты ауылында 1975 жылы орнатылған. Бетоннан құйылған тікбұрышты сынтас бес бұрышты жұлдыз пішініндегі тұғырға орнатылған. Жұлдыздың әрбір бес қырында плитада қаза тапқан жауынгерлердің тізімі берілген. Сынтастың негізгі жақтарында қолына автоматпен пышақ ұстаған жауынгер бейнесі бейнеленген. Ескерткіштің биіктігі 7м. Мемориалды плитада қаза тапқан 90жауынгердің аты-жөні жазылған.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге қойылған ескерткіш.
Бұл ескерткіш Долинный ауылында орнатылған. Ескерткіш басына каска киген жауынгер мен қасиетті ана бейнесі барельефті композициясы бейнеленуден тұратын тік сынтас түрінде қойылған. Сынтаста «Батырларға мәңгі естелік» деген жазу ойып жазылған. Сынтастың қасында қаза тапқан 129 жерлес-жауынгердің аты-жөндері жазылған тұғыр орнатылған.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған мемориал.
Покатиловка ауылында орнатылған. Бетоннан құйылған ескерткіш сатылы негіздегі тұғырға орнатылған. Ескерткіштің төбесінде бес тармақты жұлдыз қойылған, ал беткі жағында тақта таста жауынгер бейнесі бейнеленген. Мемориал алдында Мәңгілік алауға көтерілетін баспалдақ төселген. Ескерткіштің биіктігі 10м. Тақта таста қаза тапқан 127 жауынгердің аты-жөні жазылған.

Азамат соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш.
Тарихи ескерткіш Покатиловка ауылында орналасқан. Бұл зиратта Азамат соғысында қаза тапқан 36 адам жерленген.

Көпес Клименконың үйі
Бұл үй ХХ ғасырдың басында салынған. Орналасқан жері –Покатиловка ауылы.

Вознесения Шіркеуі
Покатиловка ауылында 1971жылы тұрғызылған.

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлестерге арналған мемориал.
1971 жылы Шағатай ауылында орнатылған. Тікбұрышты биік тұғырға қолын созып, автомат ұстап тұрған жауынгер бейнесі орнатылған. Жауынгер бейнесі соғыс жылдары қаза тапқандарды қайғы тұту бейнесін көрсетеді. Жауынгердің арқасында плащ-палаткасы желбірейді. Тұғырдың беткі қырында қаза тапқан 75 жауынгердің аты-жөндері жазылған гранитті тақта бекітілген.

Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жерлестер рухына арналған мемориал.
Тарихи ескерткіш Сары-Өмір ауылында 1971 жылы орнатылған. Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан 400 жауынгердің аты-жөндері жазылған. Мүсінші Шамшиденов Нариман.

Ұлы отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына қойылған ескерткіш.
Подстепный ауылында 2012 жылы орнатылды. Әкімшіліктің көмегімен салынған. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 40 жауынгердің аты-жөндері жазылған.

Отан соғысы жылдары қаза тапқандар рухына қойылған сынтас.
Тарихи ескерткіш. 1967 жылы Приречное ауылында орнатылған.

Азамат соғысы батырлары рухына арналған сынтас.
Тарихи ескерткіш 1967 жылы Приречный ауылында орнатылған.

Азамат Соғысы жылдары қаза тапқан жерлестер рухына арнылған сынтас.
Жаңа Өмір ауылында 1960 жылы орнатылған.
134493053340
Қызыл әскерлердің жерленген жері.
Тарихи ескерткіш Богдановка ауылында орнатылған.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған сынтас.
Богдановка ауылындағы саябакта 1989 жылы орнатылған.

19.М.А.Шолохов саяжайы.
М.А.Шолохов саяжайы 1959 жылы салынған. Салынған жылдан бері М.Шолохов осы саяжайға 11 рет келіп кеткен. Михаил Александрович бұл саяжайда соңғы рет 1974 жылы болған. Соңғы жылдарда Михаил Александровичтің ұлы Михаил Михайлович Шолохов және немересі келіп демалып жүрді - 2010 жылы тамыз айында, 2011 жылы қыркүйек айында келіп кетті.
Саяжай Ақсоғым ауылынан 3 км қашықтықта Жайық өзені жағалауындағы тоғайда орналасқан. Екі қабатты ғимараттың 1-ші қабатында екі демалыс бөлмесі мен асхана бар. Сонымен қатар қол жуатын орын мен душпен жабдықталған. Саяжайдың 2-ші қабатында екі демалыс бөлмесі бар.

20.Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш.
Ақсоғым ауылында орналасқан. Қаза тапқандар тізімінде- 210 адам.

21. Хамза Ықсанұлы Есенжановтың ескерткіші
Ескерткіш Сары Өмір ауылында 2008 жылы Хамза Есенжановтың жүз жылдық мерей тойына орай орнатылған. Мүсінші Сатқанов Асхат.

Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
Теректі ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
Жинақтаған: Алғазиева Айдана Руслановна
2014 жыл
Федоровка ауылы