Презентация по биологии на тему Гидраны? ішкі ??рылыстары


"Гидраның ішкі құрылысы"7-сыныпБиология пән мұғалімі:сисенғазиева Нүргүл Қапанқызы Мақсаты:Білімділік мақсаты: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардыңтабиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.Дамытушылық мақсаты:дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуТәрбиелік мақсаты: ішекқуыстылардың пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.Міндеттері:1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауға үйрету.3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым-қатынасқа дағдыландыру.Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады. Сабақ түрі: жаңа сабақСабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиетТапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы «біржасушалылар», "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру.Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, әуенді музыка. Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыруоқушылардың сабаққа қатысын тексеруоқушылардың сабақ құралдарын тексеруМотивациялық трениг (психологиялық ахуал) 5 минутБалалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге қол ұстасып тұрады. -Балалар сендер қолдарыннан ұстап тұрғанда не сезіп тұрсыңдар? -Жылулық.-ендеше осы жылуымызды , бір-бірімізге сыйлайық. (балалардың тілегі. Мен саған бақыт тілеймін. )Сыныпты топқа бөлу(оқушыларға әр түрлі жемістерді беру арқылы 2 топқа бөлемін) "Алма", "Алмұрт" топтары(Бағалау парақшасын оқушыларға беру/2 топқа)ІІ. Үй тапсырмасын тексеру {ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}"Иә""Жоқ"Ерекшеліктері   Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледіОларды қарапайымдар деп те атайдыЖасыл эвгленаның екі талшығы боладыТамыраяқтылардың дене пішіні тұрақтыКірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайдыАмеба протей амебалардың ірі түрінің біріВольвокстың әрбір дарағы шоғыр болып тіршілік етуге бейімделгенХлоропластың құрамында хлорофилл боладыАрцелланың бақалшағы болмайдыКірпікшелі кебісшенің алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір боладыВольвокстың екі талшығы боладыЖасыл эвглена мен кірпікшелі кебісшенің пішіндері тұрақсыз 1 топ сұрақтары:1.Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді? 2. Иесінің дене жамылғысының сыртында (тері,туктер) тіршілік етеді.3.Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды қалай атайды? 2 топ сұрақтары:1.Иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер?2.Қарапайымдылар,гелминттер, насекомдар әсерінен пайда болатын аурулар?3.Өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізетін паразиттер? Жаңа сабақЖоспары:1 Сыртқы құрылысы2 Жасушалары2.1 Эктодерма қабатында2.2 Энтодерма қабатында3 Гидраның тамақтануы4 Көбеюі5 Өкілдері Жалпы түр саны 9000 жететін ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Еркін немесе бекініп өмір сүреді . Ішекқуыстылардың барлығының денесі екі қабаттан тұрады, дене ішінде қуыс болады.Гидралар(Hydrozoa) – ішекқуыстылартипінің омыртқасызжануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстандакәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен суастындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларыныңкөмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі.Ішекқуыстылар типі үш класқа жіктеледі :1)Гидратәріздестер(гидроидтар)2)Табақшатәріздестер(сцифоидтар)3)Көпқармалауышты (полиптер)Сыртқы құрылысы:үстіңгі бөлім – ауыз тесігі және қармалауыштар;қарын бөлімі – гастральды қуыс және табаны; Гидра табаны арқылы жерге (субстрат) бекінеді.Жасушалары. Эктодерма қабатыЭпителиальды-бұлшықетті (эпителиально-мускульные) жасушалар – гидра осы жасушалар арқылы қысқара алады;Стрекательді жасушалар – бұл жасушалар гидраның бүкіл денеінде кезедеседі, көбінесе шупальцаларында. Әр стрекательді жасушада капсула болады – книда немесе нематоциста деп аталады. Стрекательді жасушалардың үш түрі бар: пенетранттар (28 қармалауыш), глютинанттар (7) және вольвенттер(65); Ең үлкені – пенетранттар. Олар азықтың жамылғысын тесіп өту үшін қолданылады. Глютинанттар екіге бөлінеді: кішкене глютинанттар (стереолиндер) – тікеншесіз (без шипиков) жабысқақ жәпше лақтырады және үлкен глютинантар (стрептолин) – жіпшелерінде қорғаныштық қызмет атқаратын тікеншелер болады. Стрекательді жасушалар – бұл жасушалар гидраның бүкіл денеінде кезедеседі, көбінесе шупальцаларында. Әр стрекательді жасушада капсула болады – книда немесе нематоциста деп аталады. Стрекательді жасушалардың үш түрі бар: пенетранттар (28 қармалауыш), глютинанттар (7) және вольвенттер(65); Ең үлкені – пенетранттар. Олар азықтың жамылғысын тесіп өту үшін қолданылады. Глютинанттар екіге бөлінеді: кішкене глютинанттар (стереолиндер) – тікеншесіз (без шипиков) жабысқақ жәпше лақтырады және үлкен глютинантар (стрептолин) – жіпшелерінде қорғаныштық қызмет атқаратын тікеншелер болады.Жүйке жасушалары – эктодермада дифузды түрде, яғни шашыранды орналасқан, көбінесе ауыз шеттерінде және табанда көбірек болады. Бұл жасушалар шартты рефлекстер түзе алады.Аралық жасушалар – эпителиальды жасушалардың арасында кездеседі, діннің қызметін атқарады. Барлық басқа да жасушаларға бастау береді.Энтодерма қабатыЕкі негізгі типтері бар: эпителиальды-бұлшықетті асқорыту және безді жасушалардантұрады. Жасушалары бұлшық етті талшықардан тұрады, бір-біріне перпендикуляр орналасады. Олар асқорыту қуысына литикалық ферменттер бөледі.Гидраның тамақтануыГидра жыртқыш жануар болып табылады, ол көбінесе дафниялармен, циклоптармен және қарапайымдылармен қоректенеді. Зоолог Герданың айтуы бойынша гидра ұсақ балықтады да жеуі мүмкін.Гидра қоректтік заттарды екі түрлі жолмен сіңіреді:1.Фагоцитоз арқылы2.Асқорыту қуысында гидроликалық ферменттер арқылыКөбеюіЖынысты ЖыныссызЖыныссыз көбею– жаз кезінде бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктену кезінде дененің ортаңғы бөлімінде бүршік пайда болады. Олардан жас гидралар дамиды. Біраз уақыт жас гидралар орнынан қозғалмай сол жерінде қала береді.Жынысты көбею– күз айында өтеді. Барлық гидратірізділерде гамета аралық жасушалардан түзіледі. Еркек гидрада олар көп бөліне береді де, сперматазоидттар жиынтығы пайда болады. Ал ұрғашы гидрада әр аралық жасуша бір жұмыртқа-жасушаға бастау береді. Ұрықтану ана денесінде жүреді. Жынысты көбею кезінде судағы температура төмендейді. Бекіту тапсырмалары"Ойлан.Жұптас.Бөліс" стратегиясы бойынша 1 тапсырмаІшекқуыстыларға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле:Көпжасушалы жәндіктерДенелері екіжақты симметриялыДенесіүш қабаттан тұрадыЖасушалары белгілі бір міндеттерді атқаратын бірнеше жасушалық типтерге сараланадыЖүйке жасушалары жүйке жүйесін түзеді Денесі екі қабаттан тұрадыМезодерма пайда боладыДенелері сәулелі симметриялыОрталық және шеткі бөлімдерден тұратын жүйке жүйесі бар Қорек қалдығын шығаратын тесігі болмайды(тез тез ойланып, сұрақтарға жауап беру)Гидраның атпа жасушаларының шоғырланған жері; 2. Гидра денесін қаптайтын жасуша; 3. Гидра денесіндегі сөл бөлінетін талшықсыз жасуша -безді жасуша4. Гидра жазда қалай көбеді? 5. Гидра құрылысының басқа қарапайымдылардың құрылысынан қандай айырмашылығы бар 6. Гидра тыныс алады ; 7. Гидраның аралық жасушалары; 8. Гидраның асқорытуы; 9. Гидра дене қуысының саны; 10. гидраның жыныс жасушалары неден түзіледі? 11. Гидраның жыныссыз көбеюі; 12. Гидраның жынысты көбеюі; 13. Гидраның қорегі; 14. Гидраның сыртқы ортамен байланысы те к: 15. Гидраның тіршілік ететін мекені; 16. Гидраның шекаралық және қозғалыс қызметін атқаратын жасуша? 17. Гидраның эктодермасында бар жасушалар; 18. Ішекқуыстардың жалпы саны; 19. Гилраның орын ауыстырып қозғалуы; 20. Гидраның ішкі қабаты; "Суреттер де сөйлейді"(тақтадан көрсетілетін сурет арқылы оқушы түсіндіру)Суреттегі жәндікті атап, бағдаршамен белгіленген дене мүшелерін жазып көрсетіңіздер.Гидраның санмен белгіленген жыныс жасушаларын жазыңыздар және даму сатыларын да көрсетіңіздерСуретке қарап, сұрақтарға жауап беріңіздер:Бұл реакция қалай аталады?Тітіркендіргіш ретінде не қолданылды?Гидраның қай жасушаларында қозу туады, содан соң жиырлады?Суреттегі регенерация құбылысын түсіндіріңізҚорытындыБағалау(Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды)( Балаларды екі шеңберге тұрғызу. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақта не болғанын бір біріне айтады)Үйге тапсырмаӨзіндік жұмыс. Тақырыпты оқып келу