?мір, сен неткен, ?ажапсы?! т?рбие са?аты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЯГӨЗ АУДАНЫ
«№1 АҚШАУЛІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП» КММ
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Авленов А.Т.
Бағыты: рухани адамгершілік
Тақырыбы: «Өмір, сен неткен ғажапсың!»

Сыныбы: 11 «А»
Өткізген: Смаилова С.Т.
Ақшәулі, 2016
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өмір, сен неткен ғажапсың!
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Тәрбие сағатының міндеттері:- жастар арасында суициалды мінез - құлықтың алдын алу;- «өмір» ұғымына тереңірек үңілуге ықпал жасау;- өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;- өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық құрылғы, презентация материалдары, аудио және бейне жазбалар, плакаттар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, этнопедагогика, философия, әдебиет, сурет.
Сабақ тәсілі: іздендіру тәсілі, анализдеу, синтездеу, жүйелеу, талқылау, дәлелдеу, топтастыру, қорытындылау.
Сабақ типі: Шығармашылық сабақ.
Сабақ барысы:*Сабақтың мақсатын қою, сабақтың мақсатын хабарлау.
Өмір сүрудің екі тәсілі бар. Біріншісі – ғажайып жоқ деп өмір сүру; екіншісі – бұл өмірде бәрі ғажайып деп өмір сүру». Қалай ойлайсыңдар, бұл сөзді кім айтты деп ойлайсыңдар? (ғашық адам, философ, ақын, лирик т.б.)
Бұл сөзді Альберт Эйнштейн айтқан болатын. Ол туралы не білесіңдер? (физик)
- Ал іштеріңізде «өмірде ғажайып болмайды» деген пікірді қолдайтындарың бар ма?
- Ал «өмірде бәрі ғажайып» деп ойлайтындарың бар ма?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
Мұғалім: Ғажайып бақытпен байланысты. Ал бақыт байлықпен саналмайды. Мысалы, Наполеон барлығына қол жеткізді – атаққа, мәртебеге, бірақ өмірінің соңында ол «Менің өмірімде тіпті алты бақытты күн болмапты» деп өкінген екен. Ал, туғаннан соқыр әрі мылқау Элен Келлер «Менің өмірім керемет!» деп айтқан екен. Тіпті ас үйде ыдыс жуғанның өзі бақыт деп есептейтіндер бар екен. Боргильд Даль өзінің «Мен көргім келді» атты кітабында осы туралы тамаша жазган еді. Ол 50 жасында соқыр болып қалды. «Менің тек қана бір көзім көретін еді, оның да тек кішкене саңылауынан ғана көретінмін.» Бірақ ол өзін аяуға жол бермейтін еді. Миннесот университетінің өнер бакалавры болды. 53 жасында көзіне ота жасағаннан кейін ол көре бастады. Ол өз кітабында «Мен ас үйде ыдыс жуғанда көпіршіктерді көрген сайын ойнай бастаймын. Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Әр көпіршіктен неше түрлі бояуды көремін» деп жазған еді. Міне, осындай мысалдар арқылы өмірдің әрбір сәтін бағалай білу керек екенін көресіңдер. Көре, ести алатынымызға, дем алғанымызға шүкіршілік етуіміз керек.
Жинақтау.
Қазір өмір деген сөзді жазыңыздар.
Ө
М
І
Р
Осы сөздің әр әрпінен басталатын сөздер арқылы өмірге баға беріңіздер. (Оқушылар жұмыс жасап жатқан кезде Қайрат Нұртастың орындауындағы «Мен ғашықпын» әні қосылып тұрады. Оқушылар өз сөздерін оқиды.)
- Өмір дегенім не, қалай түсінесің?- Өмір сүру жақсы ма, жаман ба?- Сен бақыттысың ба?- Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе, әлде әлсіздік пе?- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?- Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай?- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?Адам тастай берік,Гүлдей нәзік.(оқушылар өз ойларын ортаға салады).- Ендеше, балалар, адамды тастай берік ететін де, гүлдей нәзік ететін де өмір екен.Өмір - ол адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім?...Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата - анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Айтады ғой, «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың»- деп. Себебі, ол саған «өмір» сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйіп, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Ата-ана туралы бейнеролик көрсетіледі. (Оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
Постер қорғау1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.
Қазіргі тастанды балалар туралы бейнеролик көрсету. Оқушыларға осы бейнежазба туралы ойларын білдіру.
Қызық өмір./М. Мақатаев/Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,Аласы мен құласы, торысымен.Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу,Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
Құр қалмайды ешкімде үлесінен.
Өліп - талып жеткенде бақытына,
Шорт үзіліп кей тағдыр түгесілген.Өміріме өзімнің таңданамын,Қалмаймын деп қатардан қарманамын.Бүгінімді өткізсем қиындықпен,Ертеңіме үмітпен алданамын.
Ұнатамын өмірдің ой - қырларын,
Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.
Өмір керек көлеңке, шуағымен,
Өмір керек!
Басқаның қойдым бәрін...«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы. ( жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып, ой қорыту).- Жақсы өмір - бұл...........- Бақытты адам - ол.........Мұғалім сөзі: Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес.Өмір.......Күлдіртіп тұрып, жылатадыКөтеріп тұрып, құлатады«Уф» еткен желге дірілдей көрмеШыдамдылықты ұнатадыӨмір!!! Немесе
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,Өмір болмас қасіретсіз, мұң - қайғы,Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол,Өмір сені сонда ғана шыңдайды.- деп жырлағандай, Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет, әлсіздік, шарасыздық танытпа. Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің.
«Қазіргі заман жастары және суицид» атты бейнероликке кезек беріледі. Оқушылардың ойын тыңдау.
- Қымбатты балалар!Өмір – көпір, от үстіне салынған,Діңгектері зәндем отқа малынған.Қорқу білме, аяқтарың таймасын,Ойнап отпен, шарпу көрме жалыннан! – дей келе сендерге мынадай кеңес беремін естеріңе ұстаңдар.
Көркем сөз «Үш өлшем»Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?Адам баласы не үшін өмір сүреді?Өмір деген несімен қымбат?Сенің өмірдегі мақсатың қандай?Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Жағдаяттар: 1-топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. 2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 
Жауабы: 
1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 
2. Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап.
5. Ойланайық, пікірлесейік. Төмендегі таблицада Робинзон Крузо пікірін қарап шағып, әр оқушы өз ойын ортаға салып, ой бөлісу.
№ Жамандық Жақсылық
1 Мен адам аяғы баспаған аралдамын, бұл жерден кететін еш үмітім жоқ. Бірақ мен тірімен, жолдастарым сияқты суға батып кеткен жоқпын.
2 Мен қатты қайғырамын, бүкіл әлемнен, елден жырақта болғаныма. Барлық экипаждағы адамдардан бөлініп қалдым, мені өліммен кім құтқарды, енді бұл жерден де құтқаратын шығар.
3 Мен халықтардан жырақтамын, жалғызбын. Бірақ, мұнда адам өмір сүретіндей тамақ болмаса да, мен аштықтан өлген жоқпын.
4 Мен жабайы адамдар мен аңдардан қорғансызбын. Мен түскен жерде адам жоқ, Африка жағалауындағыдай жабайы аңдарда жоқ. Егер де мен Африка жағалауында болғанда не істер едім.
5 Менің сөйлесетін ешкімім жоқ, маған басу айтып, мені жұбататын да ешкім жоқ. Бірақ алла тағала біздің кораблімізді жағаға таяу жерде қалдырды, мен өзімді қанағаттандыратын қажетті заттармен қамтамасыз ете алмасам да, өмірімнің соңғы күніне дейін аш болмайтын жағдайдамын.
6 Менің киімдерім аз, жақында денемді жабатын киім де болмайды. Бірақ мен ыстық жақта өмір сүріп жатырмын, бұнда кіимсіз де жүруге болады.
Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол :
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік.
3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін нәрсеге өкінбес болар.
Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл.
Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл.
Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл.
Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл.
Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл.
Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл.
Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма.
Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл.
Өмір – бұл қатал. Шыдай біл.
Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз.
Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл.
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі.
БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ. ОНЫ БАСҚАРА БІЛ!
Өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды «Өмір - ғажап» әнімен аяқтайық.
Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?Стикерге жазып тілек білдіріп, тақтадағы смайликтерге жабыстырайық.