Технологическая карта урока казахского языка в 4 классе на тему ?ыс айлары


ШығысҚазақстан облысы, Курчатов қаласы 2017
«Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебі »КММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Шырайынбекова Эльмира Ермековна
Сынып 4
Мерзімі 20.01.2017
Сабақтың тақырыбы Қыс айлары
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Тілдік қарым-қатынас барысында қыс мезгілі туралы әңгімелей білуге машықтандыру.Жіктік жалғауын қайталату.
Қыс мезгілі аясында сөздік қорын дамыту.
Таза ауада қысқы ойындардың пайдасы туралы айтып,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы
Жетістік критерийлері: ОТЖ:Сөз тіркестерін құра алады,қарапайым сөйлем құрады.
ООЖ:Тақырып аясында сұрақтарға жауап бере алады.
ОЖЖ:Тақырып аясында диалог құра алады.
Негізгі түсініктер: Қыс мезгілі,аяз,боран соғады,коньки тебеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Смайликтер, А4 парағы, кестелер, суреттер, желім қағаздар,плакат,таратпа материалдар
Оқыту әдістері: Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, сергіту сәті,ойындар,диалог
Дереккөздері Әдістемелік құрал, сөздік ,оқулық,дидактикалық материал
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларды тұрғызады, сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп,күлімсіреп
Біз сабақты бастайық Бір – біріне жақсы тілектер айтады
Өткен сабақты тексеру Өткен тақырыптар бойынша көрініс дайындайды. «Төрт мезгіл»
Автор,Жыл ата,қыс,күз,көктем,жаз
қатысады.
Ертегі соңында Жыл ата 12 айды үш-үштен бөліп береді.
-Балалар қыс айларын кім табады?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Олар қалай аталады? Берілген рөлдерді ойнайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қағазға жазылған ай аттарын тауып береді
І. Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қыс туралы ән тыңдату.
Бұл қай мезгіл?
Мынау қандай айлар?
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қандай? Сұрақтарға жауап береді.
Қыс мезгілі
Қыс айлары
Қыс айлары
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс.
тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Боран соғады,тон
Ә) «Дұ рыс айт !» айдарын да берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.
Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Жұмбақтың шешуін табайық.Шанамен зырлап желетін,Шанғы, коньки тебетін,Аққала жасап ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі)Қыста ғана болады,ұстасаң қолың тоңады. (Қар)Шелек қалпақ басында,Сәбіз екен танауы.Қыста қардан тұратынТауып көрші сен оны. (Аққала)Қолы жоқ сурет салады,Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)Қанаты жоқ ұшады,Аяғы жоқ жетеді,Аузы жоқ ұлиды. (Боран)
Жіктік жалғауының жекеше түрі бойынша ережені қайталату.
Мен шаңғы тебе...мын,мін.
Сен шаңғы тебе... сың,сің.
Сіз шаңғы тебе... сыз,сіз.
Ол шаңғы тебе...ды,ді.
3.Оқулықтағы мәтін мен жұмыс. А) Берілген мәтінді оқушылар оқып шығады. мәтіндегі тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіреді, қайталатады. Тізбекпен оқытады,аударады.Мәтіннің желісі бойынша 10 сұрақ қояды.Қалған оқушылар
таратпа материалдармен жұмыс
істейді.
Сөйлемдегі суреттерді сөзбен айту
Адамдар үстіне киеді.
Адамдар қолына киеді.
Адамдар аяғына киеді.
Қыста ( лед ) қатады.
Қыста соғады.
Балалар -мен ойнайды. Тыңдалым.
Таратпа материал бойынша жұмыс жасайды,өзін тексереді.
Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.Таныс емес сөздерді жазып алады.
Аудармасын естеріне түсіреді.
Әр тапсырмадан соң жұмыстарын бағалап отырады
12446059055Жасыл- жақсы түсіндім.
Сары - жартылай түсіндім
Қызыл – түсінген жоқпын
Сергіту сәтіАппақ,аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан Айтылым. Сөздерді дұрыс ай туға жаттығады, қайталайды.
Жаттығуды орындайды
3. Оқулықтағы тапсырмалар мен жұ мыс. Ойлау қабілетін жандандыру үшін
«Қол соғу» ойыны.Қыс мезгіліне байланысты сөздер айтылса, қол соғасыңдар, ал басқадай сөздер айтылса соқпайсыңдар.(қар, жаңбыр, аққала,қалам, мұз, ыстық, боран, көйлек, жаңа жыл,қағаз, ақшақар,суық, кілем, шана, гүл, аяз, шаңғы,қаңтар. )  Тыңдалым.Ойланып орындайды.
Ә) Жазылым.
2-тапсырманы орындатады
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
3-тапсырманы ойын түрінде өткізеді.Ауызша. «Аққала»тұрғызу
1.Қыс,күн,суық.
2.Аяз,боран
3.Қар,ойна
4.Балалар, шана,шаңғы
4-тапсырма.Тілдесім.Қоңырау соғып,диалог құру.(жұппен жұмыс) Жазылым.Сөздерді сәйкестендіріп жазады.
Тірек сөздерден сөйлем құрайды.
1Қыста күн суық.
2.Аяз болады,боран соғады.
3.Балалар қармен ойнайды.
4.Балалар шана,шаңғы тебеді.
-Сәлем,....
-Сәлем,...
-Қалың қалай?
-Жақсы
-Мұзайдынға барасың ба?
-Жүр барайық,коньки тебеміз.
IV. Бекіту «Сыр сандыққа» сөздер салу
Ашылған сурет бойынша сөйлем,әңгіме құрату.
«Сыр сандыққа» салынған сөздерді оқиды,есте сақтайды
Ашылған сурет бойынша жұмыс жасайды.
V. Бағалау Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырмаСөздік,тақпақ жаттау,5-тапсырма ,сурет бойынша диалог құрау. Күнделіктеріне жазады
VII. Рефлексия
Әр түрлі көңіл күйдегі қар қиыршығын іледі

Қар бетіне өзінің көңіл-күйін бейнелеп,суретке жапсыру.
жапсырады