Ашы? саба? ?.Кекілбаев Шы?ырау повесіні? к?ркемдік ерекшелігі


Күні: Сыныбы: 6 «Б» Пәні: қазақ әдебиеті
Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» повесінің көркемдік ерекшелігіСабақтың мақсаты:Білімділік: Әңгіме мазмұнын меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіме кестесін құрғызуТәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету тәрбиелеуДамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын пікірлерін жеткізе, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: жинақтау Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау, хат жаздыру
Сабақтың көрнекілігі: кесте, дидактикалық материалдар, Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңіА) Оқушылармен амандасу түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеруБ) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аударуПсихологилық дайындық- Бүгінгі сабақ- Оқу, білу салауат- Бүгінгі мақсат- Ұғыну, ұғу ұлағат- Бүгінгі тәрбие- Отанға деген махаббатІІ Үй тапсырмасын сұрауҮйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.Қосымша сұрақтар- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?Үш күндік жердегі құлама өрнектен- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?Інісі Теңсел- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?- Ол неге қуанды?- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?Сергіту сәті«Қара жорға» биін билетуІІІ. Мақсат қою1. Әңгіме кестесін құруР/с ТақырыбыИдеясыҚорытындыКейіпкерлеріIV. Бекіту
Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)Басталуы Еңсепке Байсал байдың өтінішіБайланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуіШарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуіШиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуіҚорытынды: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
Мәтінмен жұмыс- Қандай тастардың түрлері аталады?(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)V. Үйге тапсырма
«Енсепке хат» жазуБағалауМадақтау әдісі бойынша бағалау