Химия п?нінен ашы? саба?: «Темір ж?не оны? ?осылыстары»


Сабақтың тақырыбы: «Темір және оның қосылыстары»
Сабақ мақсаты: 1. Табиғатта кең тараған темір металы туралы мағлұмат беру;
Кәсіптік білімдерін дамыту;
Адамгершілікке, ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Д.М.Менделеев жасаған периодтық кестесі, слайд, химиялық реактивтер, ыдыстар, интерактивті тақтаСабақ жоспары: І. ҰйымдастыруІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасы)
ІІІ. Мағынаны таны (жаңа сабақ)
Сәйкестендіру тесті  Толықтыру тестіЕсептер шығаруVII.Кім білімпаз?  (бекіту)
VIII.БағалауҮйге тапсырмаҚорытындылау 
Сабақ барысы: І. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеру.
     ІІ. Кім көп біледі? Үй тапсырмасы: Алюминий және оның қосылыстарыа)Тест тапсырмасы:
1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?
а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 52.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:
а) HNO3, NаСl, KOH
ә) H2О, СuСl2, NаOHб) HСl, SО2¸KOH
Қазақстанда алюминий зауыты қай жылданбастап жұмыс жасайды?
А) 2000;     ә) 1998;      б) 2007;     в) 1992Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:
а) бокситтерден электрохимиялық әдіспенә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптауб) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыруАлюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:
а) Nа¸Mn¸Alә) Ni¸Cr¸Znб) Cu¸Nа¸СrЖауабы: 1. ә;   2. ә;  3. б;   4. а;   5. ә:
 ә) Есеп шығару ІІІ. Мағынаны таны: Жаңа сабақЖаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик)
Табиғатта таралуы және маңызы (геолог)
Темірдің ашылу тарихы (тарихшы)
Физикалық қасиеттері (физик)
Темірдің алынуы (металлург)
Темірдің табиғатта таралуы (географ)
Темірдің химиялық қасиеттері ( химик)
Темір биологияда (биолог)
“Кім жылдам?” есептерді орындауСәйкестікті тап
Тест тапсырмаларыХимик:
 4-период, 4 — қатар, 8 — топ, қосымша топша орналасқанреттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56
26 электрон, 26 протон, 30 нейтрон,
4 электрондық қабат, 2)8)14)2),электрондық конфигурациясы:  1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
 
Темір – VIIIБ топ элементі, d — элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқыs-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегіd-e  болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2, +3
 
Геолог: Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe3O4, гематит-Fe2O3, лимонит-Fe2O3 ∙ nH2O, пирит- FeS2
Тарихшы: Темірдің ашылу тарихы:
Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес Хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болатты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
 
Физик:
Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б)-1539  С, Т(қ)-3200 С p-7,87 г/см. Темір оңай магниттеледі және магниттік қасиетін жоюға бейім келеді…
Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы- темірдің магниттік қасиетіне негіделген.
“Темірді қызған кезде соқ” қандай физикалық қасиетіне негізделген.(созылғыштығына)
Металлург:
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
 
Географ: Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл.
Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік  теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.
Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
 
Химик: Жай заттармен әрекеттесуі:
Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқыншашыратып жанады:
3Fe + 2O2 = Fe3O4  (FeO * Fe2O3)
 
Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
Fe + S = FeSКүрделі заттармен әрекеттесуі:
Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O = FeO + H2
Ылғалды ауада тат түзеді:
4Fe0 + 6H2O + 3О2 = 4Fe(OH)3
Fe0 – 3е- = Fe+3       4
O20 +4е- = 2О -2       3
Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.
Сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:
Fe + 4HNO3 (сұй) = Fe(NO3)3 + NO  + 2H2O
Fe + H2SO4 (сұй) = FeSO4 + H2
Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:
Fe + CuCl2 = FeCl2 + CuБиолог:
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.
 Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.
9.Қолданылуы:
Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін жәнемикрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдіңқұймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
“Кім жылдам?” есептерді орындау№8. Темір шегелерді: а) күкірт қышқылы H2SO4, ә) мыс (ІІ) сульфаты CuSO4, б) кальций хлориді   CaCI2, в) күміс нитраты   AgNO3 , г) натрий хлориді NaCI ерітінділері бар сынауықтарға салды. Қай сынауықта химиялық реакция жүреді? Реакция теңдеулерін жазу.
 Сәйкестікті тапформулалар    аттарыFe3O4     а)темір (III)гидроксидіFeO  ә) темір сульфаты
FeSO4 б) темір  (II)оксидіFe(OH)3               в)  темір қағы 
Толықтыру тест тапсырмалары1.Темір —— түстес ——- металл.
2.Темір иілімді,——- қасиеті бар, тығыздығы——-.
3.Темір қосылыстарында ——- тотығу дәрежелерін көрсетеді.
4.Темір құймалары ——-және——түрінде қолданылады.
Керекті сөздер: +2, магниттелетін, ақ, +3, шойын, күміс, 3,87г/см, болат.
 
“Кім білімпаз?”
1.Темірдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама2.Темірдің тотығу дәрежесі3.Темірдің D-қабатында неше электрон бар?
4.Пириттің формуласы?
5.Қанға қызыл түс беретін ион?
6.Темір жетіспеуінен болатын ауру
7.Шойын қандай пеште алынады?
 
БағалауҮйге тапсырма: §37. Темір және оның қосылыстары. №10-есеп
Қорытындылау