Презентация по химий на тему Темір ж?не оны? ?осылыстары (10 класс)


9 класс Темір және оның қосылыстары Сабақ мақсаты: Білімділік –темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру,тотығу дәрежесі +2, +3 темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін қарастыра отырып толық мәліметтерін беру,пәнге қызығушылығын арттыру,есептер шығару жолдарын үйрету.Дамытушылық- темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат бере отырып ой-өрісін танымдық белсенділігін арттыру,өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.Тәрбиелік-оқушылардың ізденімпаздығын іскерлігін қалыптастыру. Жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу. Химия пәнін ұнатып оқуға баулу. Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар,оқулық,металдар коллекциясы,периодтық кесте,реактивтер,тірек- сызба,кеспе қағаздар.Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:Сөздік әдісі,түсіндіру,кітаппен жұмыс.Сабақтың түрі:Аралас (топтық жұмыс) жаңа білімді меңгерту.Техникалық құралдар:интерактивті тақта, видеоПәнаралық байланыс:география,математика, физика, тарих, биология.I Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,оқушы санын түгендеу,дайындығын ұйымдастыру,топқа бөлу,сабаққа назарын аудару. II Үй тапсырмасын сұрау,«Түйсікті ояту»I топ а)Жер қыртысында таралу жағынан металдардың ішінде бірінші орынды қай элемент алады?ә)Жемірілуге бейім металл?II топ Алюминий және алюминий қосылыстары қандай қасиеттер көрсетеді?Электрөткізгіштігі ең жоғары металл?III топ Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру?Темір кені қай жерде орналасқан?Ivтоп Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстары қалай аталады ?Сібір ұстасы сым темір кесегін тапқан.Ол дүние жүзіне әйгілі болып,тұңғыш не деп атаған? Мазмұны: Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысыТабиғатта таралуыӨнеркәсіпте алынуыФизикалық қасиеттеріХимиялық қасиеттеріТемірдің қосылыстарыҚолданылуы Темір-VIII Б топ элементі,d-элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежесін көрсетеді. Next ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМУЛАСЫ: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 Next Темір химиялық реакцияларда 2 немесе 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:Fe0 – 2e Fe2+Fe0 – 3e Fe3+Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2FeO4 – калий ферраты) болатын тұрақтылығы төмен қосылыстары белгілі. Back ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.Темір минералды сулардың құрамына сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде кіреді.Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі. Next Минералдың аты Химиялық формуласы(негізгі құрам бөлігі) Маңызды кен орындары Магнетит Fe3O4, (Fe2O3 ∙ FeO) (72 пайызға дейін Fe болады). Оңтүстік Орал (Магнитогорск), Курск магнит аномалиясы Гематит Fe2O3 (65 пайызға дейін Fe болады) Кривойрог аймағы Лимонит Fe2O3 ∙ nH2O (60 пайызға дейін Fe болады) Қырым (Керч кен орны) Пирит FeS2 (47 пайызға дейін Fe болады) Урал Next МИНЕРАЛДАР: Next Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді. Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті. Қан азаюының алдыналу үшін картоп, алма,өрік, қара бидайнанының және тәттікөкөністердің маңызыөте зор. Мұндакездесетін байланысқанкүйіндегі темір қанныңқызыл түсін сақтап,гемоглобинніңтөмендеуіне жол бермейді. Радиация әсерінен гемоглобин синтезделмесе,адам ақ қан ауруына шалдығады.Медицинада темірдің дәрілік препараттары,изотоптары 52 Fe, 55Fe, 59Fe зерттеу кезінде индикатор ретінде қан ауруынанықтауға қолданылады. ӨНЕРКӘСІПТЕ АЛЫНУЫ: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:Пирометаллургиялық әдіспен:оксидінен тотықсыздандыру арқылы:Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2Oсоның ішінде алюминтермиялық әдіспен:Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Feжәне көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы: Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2 Back ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады. Back Физикалық қасиеттері: - Темірдің балқу температурасы- + 1539°С - Оның тығыздығы- 7,87г/см3 - Қаттылығы – 4,6 ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ: I. Жай заттармен әрекеттесуі:Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:3Fe + 2O2 = Fe3O4 Next Ылғалды ауада тат түзеді:4Fe + 2H2O + 3O2 = 4Fe(OH) 2Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:2Fe + 3Cl2 = 2Fe3+ Cl3-Fe + S = FeS4Fe + 3C = Fe4C3 II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:Fe + H2O = FeO + H2Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:Fe + 4HNO3(сұйық) = Fe(NO3)3 + NO + 2H2OFe + H2SO4(сұйық) = FeSO4 + H2Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu Теміртаудақаласында өндіреді. Балқаш, Қарағанды,Өскемен, Шымкент,Павлодарда түстіметаллургиязауыттары бар. ТЕМІРДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ: Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:Fe2O3 + CO 2FeO + CO2Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:FeO + 2HCl = FeCl2 + H2OFeO + CO2 = FeCO3 Next ТЕМІРДІҢ ГИДРОКСИДТЕРІ Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaClFeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3 ҚОЛДАНЫЛУЫ: Темір купоросы (FeSO4 ∙ 7H2O) – ағаш сүрлеуде;Fe3C – цементит шойында қолданылады. (NH4)2SO4 ∙ FeSO4 ∙ 6H2O – Мор тұзы, тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланылады.Fe(NH4)2 ∙ (SO4)2 ∙ 12H2O – темір-аммонийлі ашудас, тері илеуде қолданылады.Fe2O3 – темір сүрегі (бояу) шатырларды бояуда, болат пен шыны беттерін тегістеуде, термиялық пісіруде қолданылады. “OЙ ҚОЗҒАУ” FeO- FeCl2 - Fe(OH)2- FeSO4- BaSO4 Fe-Fe(SO4)3- Fe(OH3)- Fe2O3- FeCl3 “МИҒА ШАБУЫЛ” Есептер шығару №1 есепМассасы 56г темірді орта тұзға айналдыру үшін құрамында 110г күкірт қышқылы бар сұйытылған ерітісіндімен әрекеттестіргенде қанша тұз және суттегі алынады?  №2 есеп3,2 темір оксидінентемірді тотықсыздандыру үшін 1,344 л сутек жұмсалған. Ол оксидтің формуласын табыңдар. №3 есеп29 г темір оксидін толық тотықсыздандыру үшін 14г көміртектің (II) оксиді жұмсалған . Оксидтің молекулалық формуласын табыңдар. №4 есепАлюменатермиялық жолмен Fe3О4 –тен 126г темір алу үшін қанша грамм термиялық қоспа керек “КІМ ЖЫЛДАМ” Химиялық тәжірибелер.Берілген реактивтер бойынша мүмкін болатын реакцияларды жүргізіңдер.Fe,HCl,H2SO4,NAOH,FeCl2,CuSO4,HNO3,FeCl3 “Жүйрік болсаң, шауып көр.”Шығармашылық тапсырма:1. Темір - аспан тасы.2. Темір - соғыс қаруы.3. Темір - тіршілік көзі4. Темір – өмірдегі маңызды элемент. РефлексияБүгінгі сабақ саған қалай болды?Жеңіл Орташа ҚиынБерілген материалдарды қалай меңгердің?Толық меңгердім;Аздап меңгердім;Мүлдем меңгерген жоқпын. Next Ерте кездегі темірден жасалған қайшы. Ұзындығы – 15,5 см. XIV ғасырдың екінші жартысы. Next Темірден жасалған бұйымдар Next Балта. Ұзындығы – 16 см. ХІ ғасыр. Next Темірден жасалған құлып. Ұзындығы – 8,5 см.ХІІ ғасыр. Next Темірден жасалған бұйымдар Next Темірден жасалған әр түрлі қару-жарақтар.Х – ХІІ ғасырлар. Next Темірден жасалған кілттер Back Back Next Next Back Back Back Back Back Қазақстанда темірдің бай қоры бар, ол Торғай темір кенді бассейнінде және Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазіргі кезде елімізде темірдің жүздеген кен орындары мен кен жылғалары белгілі болып отыр. Көптеген кен орындарындағы кеннің жер бетіне жақын жатуы оны арзан, ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.Темір сульфат және гидрокарбонат түрінде минералды сулардың құрамына кіреді. Темір тұздары теңіз суларында да бар, сол сияқты мұхиттардың түбінде де темірге әжептәуір бай табиғи шөгінділер кездеседі. ТЕМІРДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫН АНЫҚТАУ: Fe+2 және Fe+3 иондарын сары және қызыл қан тұздарының көмегімен анықтайды.3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KCl турунбуль көгі4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl берлин көгі Темірдің таттануы оттектің әсерінен болады.2Fe0 + 2H2O + O20 = 2Fe (OH)2 Тотықсыздандырғыш 2Fe0 -2e- 4 2 Тотықтырғыш 2O0 +4e- 2 1 Оттек молекуласы темірді алдымен Fe+2, содан кейін Fe+3 катионына айналдырады:4Fe(OH)2 + 2H2O + O2o → 4Fe(OH)3 Тотықсыздандырғыш Fe+2 -e– → Fe+3 1 4 Тотықтырғыш O20 +4e- → 2O-2 4 1 Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O 2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4 3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2ІІ. Химиялық қасиеттері:қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2Oқышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O Next 1.Қанға қызыл түс беретін химиялық элемент? а)Ғе ә) мыс2.Меккедегі темірдің қалқып тұруы неге байланысты? а) қаттылығына ә) магниттілігіне3.Өте ертеде сақтар темірді не үшін қолданған? а)түрлі бұйым ретінде, қару жасауға ә)магниттік қасиетін пайдалануға4. Темір пер.кестеде қай топта орналасқан? а)VІІ топ негізгі топша ә)қосымша топша5.Темір қандай валенттілік көрсетеді? а)ауыспалы ә)тұрақты6. Темір таралуы жөнінде нешінші орында? а) Бірінші ә)екінші7.Темірдің маңызды қосылыстары? а)Пирит,магнетит ә)Боксит8. Қазақстанда темір кені өндірілетін қала? а) Теміртау ә) Алматы 9 Адам денесінде қанша темір болады? а )3,5 г ә) 15 г Бекіту: ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ I- топ:Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып,ығыстырып шығарады:Fe+CuSO4=FeSO4+CuIII- топ:Темірдің суда ерімейтін гидроксидтерін олардың сәйкес тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады:Fe+CL2+2NaOH=Fe(OH)2↓ +2NaCLV- топ:темірдің қышқылмен әрекеттесуін қарастырайық .Нәтижесінде сутек газы бөлінеді.2Fe+3H2SO4=Fe2(SO4)3+3H2↓