Коучинг «О?ЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АКТ ПАЙДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ»


КОУЧИНГ тақырыбы:
«ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АКТ ПАЙДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Мақсаты: Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері туралы ақпарат беру; оқыту үрдісінде ынтымақтастықта жұмыс жасаудың және жағымды қарым-қатынас орнатудың тиімділігін көрсету; тәуелсіз оқыту дағдыларын қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдердің қажеттілігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының мазмұнымен танысады; қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы өзгерістердің маңыздылығын түсінеді; ауылды жердегі ШЖМ проблемаларын шешуде сындарлы оқытудың тиімділігі туралы ой бөліседі.

Қатысушылармен сәлемдесу, таныстыру және жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру.
Танысу. (Қатысушылар әуелі өз атын және өз атынан басталатын сын есім қосып айтады. Келесі қатысушы алдымен алдыңғы қатысушының есімін атап, соңынан өз аты өз атын және өз атынан басталатын сын есім қосып айтады. Қатысушылар соңғы қатысушы есімін айтқып шыққанша осылай жалғастырады. Мысалы: Мен – рахымды Ризамын. рахымды Риза, Мен – мейірімді Мейрамкульмін т.с.с.)
Таныстырылым. (7 мин)
Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің бірлескен бағдарламасының жалпы мазмұны. Бағдарламаның басым бағыттары.
     Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау. Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылады.
Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Сондықтан  Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың  маңызы зор. Ол өзіндік 7 модульден тұрады:
Білім беру мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
Білім беруді басқару және көшбасшылық
Топқа бөлу. Шәмші әндерінің шумақтары таратылады. Өлеңді құрастырып, сол әнді караокемен айтып шығады. Топтың алтын ережесімен таныстыру. (5 мин)
Топтық жұмыс.
Қатысушылардың ұжымдық іс-әрекетін ынтымақтастықпен ұйымдастыруға бағытталған жұмыс. Ақпаратты қабылдауға жағдай туғызу. Талқылау (12 мин).
Топтарға берілетін тапсырмалар:
Бейнефильмдер:
Аллатағала мен Ханшайымның сұқбаты
Егіздер
Құмырсқа
Би
I топ, II топ, III топ – Алдымен бейнебаяндар көрсетіледі. Қатысушыларға бейнебаяндардың мазмұнын мұқият қарау тапсырылады. Осы бейнероликтерден кейін әр топқа 1 бейнероликті талдау ұсынылады. Яғни жаңаша оқыту тәсілдері бойынша тірек бейнероликті пайдаланып өз топтарында талқылайды. Жұмыстарын қорғайды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ой-толғау. Топтағы талқылау.
Тақырыптың мәнін түсіну және сұрақты нақтылау.
Берілген тірек түсініктердің мазмұнын ұғыну.
Ойларын постерге орналастыру.
Қорғау.
Сергіту сәті: Мария Магдалена

АКТ –ны пайдалану арқылы критериалды бағалау тәсілін ұсыну.
Әр топқа ноутбуктер таратылады. Paint - та көбелектің суретін салу тапсырылады. І топ – ІІ топты, ІІ топ – ІІІ топты, ІІІ топ – І топтың жұмысын өздері критерий құра отырып, бағалайды.
Жұмыстарын қорғау (7 мин).
Рефлексия. (3 мин).
Әр қатысушы коучинг барысындағы көңіл күйлерін стикерлерге жазып, тілек ағашына іледі.