Ж.Баласа??н. «??тты білік» дастаны


-Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері кімдер? -Ислам дәуіріндегі әдебиет қалай бөлінеді?-Ж.Баласағұн туралы не білесіңдер?-Қандай шығармалары бар? Ж.Баласағұн. «Құтты білік» дастаны Жүсіп Баласағұни- Орта Азияның белгілі ақыны, есімі күллі шығыс еліне белгілі болған көрнекті ойшыл, энциклопедист ғалым, қоғам қайраткері. Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласында туған. Әкесі ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алған.Түркі тілімен қоса парсы, араб, қытай тілін жақсы білген. «Құтты білікті» 54 жасында Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Осы еңбегін хан жоғары бағалап, оған «Хас Хажыб» деген атақ берген.(Хас- Хажып – сарай министрі ұғымды береді) Қарахан мемлекетінің территориясы Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу.Топтық тапсырма.Постер қорғау.І топ. Достық туралы өлеңнің мазмұнын ашу.ІІ топ.Тіл туралы өлеңнің мазмұнын ашу. Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар1.Бек деген кім?2.Бектердің бойында неге жаңа аталған қасиеттер болмау керек?3.Олар қандай болуы керек?4.Мазмұны осыған ұқсас қай ақынның өлеңін білесің? «Құтты білік» Ортақ ойлары «Ғылым таппай мақтанба» Ж.Баласағұн өлеңін Абай өлеңімен салыстыр Даналық ойды оқып, қазақ мақал-мәтелімен байланыстыр.1.Ақыл қайда болса, ұлылық толады,Білім кімде, сол білікті болады. 2.Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.3.Егер ізгі болса, елдің басшысы,Түгел ізгі болар атшы, қосшысы.4.Ұл мен қыздың өнегесі – ата- ана,Бәрі бізден- дұрыс па, әлде қата ма?5.Намысшыл ер жаудың мысын басады,Намыссыз ер жер бауырлап қашады. Жырдың идеясы қандай? Рефлексия - Құт дарыған елдің адамы қандай болмақ? «Құт бақытқа кенелсем деп тор құрушылар көп. Бірақ ол қасиет адамға ғана қонады. Құтты іздеген адам жібек мінезді, көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірім төксін, арсыз көңілді тыйып ұстасын.Осы қасиеттер- құтты ұстаудың құлып, кісені» Ж.Баласағұн Үйге тапсырма: Ж.Баласағұн туралы мәлімет жинау, дастаннан үзінді жаттау.