Ата-аналар жиналысы: «Ата-ананы? бала т?рбиесіндегі психологиялы? ерекшеліктері»


«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктері»Бұл тренинг сабақ мектеп жасына дейінгі балалар және олардың ата-аналарымен өткізіледі. Мақсат ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек.
Тренинг барысы:
Сәлемдесу рәсіміТренинг ережесін бекітуМини-лекция
Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
Жаттығу «Біз біргеміз»
Ойын «Өтінемін»
Шығармашылық жұмыс «Қол көмек»
«Сиқырлы жүрек» ой-түйінЖаттығу – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін;
Мен көрікті - Әсеммін;
Мен дарынды – Дидармын.
Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
Жаттығу: «Біз біргеміз»
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-ана мен балаға қолдау, көмек көрсету.
«Қолынан танып біл»
Көздері байлаулы ата –аналар балаларын тауып алулары керек.
Талдау: – Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
– Балаңыздаң қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
Ойын: «Өтінемін»
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Барысы: Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады.
– Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
– Рахмет, Өтінемін және т.б.
– Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз шарт. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтініштерді орындамайсыздар.
– Секіріңдер!
– Оң аяқты көтеріңдер!
– Қол шапалақтаңдар!
– Бір*-біріңді құшақтаңдар! т.с.с.
Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»
Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.
Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.