Баланы? бас ?стазы — ата-ана та?ырыбы бойынша ата-аналар жиналысы


Баланың бас ұстазы – ата-ана 1. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру; 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру;3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.Мақсаты: 1. Балаларды тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.Міндеті: Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды.Әбу Нәсір әл-Фараби САУАЛНАМАБалаңызбен қарым-қатынас барысында айтылатын сөздердің жиілігінА - мүлдем айтпаймын,Ә - кейде айтамын,Б - үнемі айтамын нұсқалары бойынша белгілеу Мен саған қанша рет айтамын? Маған кеңес бере қойшы, айналайын! Мен сенсіз не істер едім?! Бұл не тағы?Біз бәрін бірге шешуіміз керек Сен айтсаң болды ғой.Мен сендей кезімде..Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! Сенің жаныңдағы қандай достар осы? Осы сен не ойлап жүресің? Жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң…Ақылдымсың ғой сен менің! {BDBED569-4797-4DF1-A0F4-6AAB3CD982D8}Сұрақ №А - мүлдем айтпаймынӘ- кейде айтамынБ - үнемі айтамын101222103210401252106012701282109012100121101212210 7 - 10 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.11 – 14 балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 15 – 19 балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 20 – 24 балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Ата-аналарға психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін 14 кеңес Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз «Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін Егер балаңыздың шектен тыс ызақорлығы байқалса, онда ұстаздарымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.