Тіл дыбыстары та?ырыбында?ы саба? жоспары


Қысқа мерзімді жоспарлау
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары (Фонетика). Мақсатты топ: 5 Ә сынып оқушылары
Күні: 03.02.17ж. Қатысушылар саны: Қатыспағандар: Пәні: Қазақ тілі
Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбек Зарина Қайратқызы Оқытудың мақсаты: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы, дыбыстау мүшелері туралы жалпы түсінік беру.
I кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Амандасады
Оқушыларды түгелдейді, сабаққа дайындығын тексереді.
Психологиялық ахуал тудырады.
Үй тапсырмасын тексереді.
Лексика тарауын қайталау мақсатында тапсырмалар орындатқызады.
Өлеңді мәнерлеп барлығы хормен оқиды.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық!

II кезең
Ойлау деңгейі Мақсаты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау
крийтерилер дискрипторлар ұпай Ж.ұ.с.
Білу Жалпы
Фонетика саласы жайлы білу.
(миға шабуыл) Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіруМына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:Бас, тас, жас, қас, нас Ескек, кек, екҚал- лақ, түс- сүт, кел- лек
Фонетика-(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы-дыбыс,үн, дауыс.Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін,әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы Тыңдай отырып, ереже дәптерлеріне жазып алады.
Ереже дәптерлеріне жазып алу. Ереже дәптерлеріне жазып алу.
2
Түсіну Тіл дыбыстары туралы білімдерін тереңдету. Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту.( слайд арқылы түсіндіру): тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұран қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Үн- өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр-өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді. Тыңдап отырып, дәптерлеріне түртіп алады.
233- ж., орындайды. (жұптық жұмыс) Сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасын тигізетін әсерін бақылайды. Сал,жал,тал,мал,қал,бал; 0,5 3
Жат, қат,сат, дат, зат; 0,5 Тас, жас, қас, бас, лас, рас 0,5
0,5 Тық, шық, жық, сық Қаш, шаш; 0,5 Жан, сан, нан; 0,5 Қолдану Жаңа сабақта түсінгенін қолдану 234-ж. Орындауды тапсырады. 234-ж. Орындайды,
(топтық жұмыс) Сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа-басқа сөз жасау Тал, бал, қатал 1 3
Тақ, шатақ.
Су, бу, шу, ұлу
1 Қыс, қыртыс;
Жас, жартас; 1 (Сергіту сәті)
Талдау Талдау жасай білу 236-ж. Орындатқызады. Жаттығуды топпен орындайды. Әрбір сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін талдайды. 8- дыбыс, 8-дыбыс 3
Жинақтау
Бағалау
Сабақта алаған білімдерін жинақтай отырып, топтар бір-бірін бағалайды. Фонетика нені зертейді?Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?Сөйлеу мүшелеріне не жатады? Сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап береді. Тіл дыбыстарын
1 3
Дыбысты – естиміз, әріпті- көреміз.
1 тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұран қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады
1III кезең. Рефлексия кезеңі.
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін интербелсенді тақтада жазылған сөздер арқылы жеткізуді тапсырады.
Үй тапсырмасы: 235-ж.
Оқушыларға бағалау парағын толтыртқызады және сол арқылы бағалайды.
Сабақтан алған әсерлерін интербелсенді тақтада берілген сөздер арқылы жеткізеді.