Ашы? саба? та?ырыбы Ж ж?не Ш дыбыстары


Еңбекшіқазақ ауданы
Бижанов ауылы
«Күншуақ» балабақшасы
«Ортаңғы» топ тәрбиеші
Усеин Аидам Аркенкызы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Ж" және "ш" дыбыстары
Мақсаты: а) "Ж" және "ш" дыбыстарының дұрыс айтылуын үйрету, осы дыбыстар кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.ә) Сөздегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. Дыбыстық қабылдауды дамыту (сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта білу).б) Балаларды бірлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспадағы күннің күркіреп жаңбырдың жауып тұрған дыбысы, суреттер, слайд
Мотивациялық- қозғаушылық
Жұмбақ шешу
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады,
Балаларым айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?(Көктем)
-Балалардан қазір жылдың қай мезгілі және ай аттарын сұрау.
Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.Балалар бұл ненің дыбысы?
-Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естіледі?
-Иә, балалар, көктем мезгілінде күн күркіреп, найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.
-Қәне, бәріміз бірге "Күн күркірейді" деп қайталайықшы.
Енді күн күркірегенде міндетті түрде не жауады?
Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.
Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?
-Кәне, ойланайықшы, ол "гу-гу" деген дыбыс шығарып, гуілдейді?
Кәне, балалар гуілдеп енді жел болайықшы.Балалар, біз жел, жаңбыр болдық.
Енді осы "жел", "жаңбыр" сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
-Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.
Балалар, бәріміз "ж-ж-ж" деп қайталайықшы
Қандай жәндік осындай дыбыс шығарады? (Қоңыздар).
Енді бәріміз аралар мен қоңыздар секілді қанатымызды жайып жіберіп, "ж-ж-ж" деп ұшайықшы.
"Ж" дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталау.
Жа-жа-жа-жалау, жаз.
Жо-жо-жо-жол, жоқ
Жу-жу-жу-жусан,
Жы-жы-жы-жылан,
Жи-жи-жи-жидек
Же-же-же-жер
Сергіту сәті
Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс,
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды,
Шаң басылды.
-Балалар, жаңбыр жауғанда жердің несі басылады екен?Иә, жауғаннан кейін жердің шаңы басылады. Басылып, ауамыз тазарып, табиғат тамаша күйге енеді.Жаңбырдан кейінгі таза ауамен тыныстап демалайық.-"Шаң" сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр? (Шаң-шаң-шаң)
"Ш" дыбысын дұрыс етіп ажыратуға арналған жаттығулар орындау:
Ша-ша-ша-шаң-шана
Шу-шу-шу-шуда
Шы-шы-шы-шыны
Ше-ше-ше -шелек
Ши-ши-ши-шие
Шө-шө-шө-шөп
Ғажайып сәт: Дыбыстар ханшайымы кіреді.
Ойын: «Кім жақсы тыңдайды?
Шарты: Ек баланы ортаға шақырту. Бір-біріне арқалармен тұрғызу. Бір бала Ж дыбысы, екінші бала Ш дыбысы. Мен сөздер айтам бірінші бала Ж дыбысы бар сөздерді естігенде қолын көтереді, екінші бала тек Ш дыбысы бар сөздерді естігендег қолын көтереді.
Мысалы: Жылқы, түлкі, шана, айна, жаңғақ, шаңғы, кітап, жұмыртқа, орындық, шелек, нан, жылан, тас, алма, жіп, терезе, шәй, телефон, желім, қалам, жаз.
Жұмбақ шешу.
Егер ж-дан бастасақ,
Жыл мезгілі болады.
Егер қ-дан бастасақ,
Құсқа айнала қалады.
Жаңылтпаш
Жақсы қайшы,
Қайсы қайшы.
Қорытынды:
«Күн мен бұлт» тақта мен жұмыс
Шарты: бұлттың артындағы суртті атау және қай дыбыстан басталатынын айтып бері.