Ашы? саба?: “ З” ж?не “с” дыбыстары.


Күні :10.09.16
Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: тіл дамыту
Тақырыбы: “ З” және “с” дыбыстары.
Мақсаты: а) Баларға З” және “с” дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және» түсіндіру.
ә) Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың анық, таза әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
б) Ізгі сөздерді күнделікті айта бәлуге дағдыландыру, үнемділікке тәрбиелеу.
Билингвальдық компанент: Дыбыстар-звуки
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекетті Баланың іс-әрекетінің
Мотивациялық- қозғаушылық
Демонстрациялық құралмен жұмыс:
Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне сай атау.(қыс, көктем, жаз, күз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау. Назарларын суретке аударып, оларды атауға әрекеттенеді.
Күз мезгілі екенің, ай атауларын атауға атсалады.
Ұйымдас-тырушылық- ізденістік
Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау.
Қай сөзде «с»,қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну.
-«Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.
-Ненің дыбысына ұқсайды?
-«С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді.Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шыгады.
«З» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.
За-за-за-таза
Зу-зу-зу-жазу
Зы-зы-зы-қозы
Зе-зе-зе-зерек
Аз-аз-аз-жаз
Ыз-ыз-ыз-қыз
Үз-үз-үз-күз
Із-із-із-сәбіз
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып жазылуын үйрету.
Са-са-са-сана
Су-су-су-суық
Се-се-се-кесе
Ас-ас-ас-тас
«С» және «З» дыбысының алуада жазылуын көрсету.
«З» дыбысының «З» дыбысының санына ұқсайтыны айтылады.
Топтағы немесе басқа да «З» және «С» дыбысты бар заттарды атау.
Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдау. Оның қажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту.
-Бәріміз сағат болайық:сырт-сырт, сырт-сырт.
Сергіту жаттығуы.
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық сіркіреп
Келгенің қызық-ау
(Қ.Ыдырысов)
Дидақтиқтиқалық ойын: «З және с дыбыстары»7
Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту және «З» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету .
Ойын шарты: тіл дамыту дәптерімен орындалады.
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Судың да сұрауы бар.
Жаңылтпаш жаттату.
Арықтан су сылдырлап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағады,
Сылдырап ағып,
Сырдарияға барады. -Күз(з).
-Қыс(с).
-Жаз(з).
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.
- Ыз-ыз-ыз.
-Араның, масаның дыбысына ұқсайды.
Буындар мен сөздерді тәрбиешпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.
Тәрбиешпен бірге ауада жазуға талпынады.
«З» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі.
Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Терезе,есік,сандық,сиыр,сағат, сағыз,сан.
Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді.
-Сырт-сырт,сырт-сырт.
Қимылын келтіріп жасайды.
Дәптермен жұмысты орындайды.
Дұрыс сөйлеп,дыбыстауға әрекеттенеді.
Тәрбиешімен бірге қайталайды. Мақалдың мағынасын түсініп,суды үнемдеу керектігі түсінеді.
Жаңылтпашты жаңылмай қайталап жаттауға талпынады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып, таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталау:
-Сәлеметсіз бе!
-Сау болыңыз! Ізгі сөздерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жыл мезгілдерінің ерекшелігін;
Игереді: «З» және «с» дыбыстарын дұрыс айтуды;
Меңгереді:суды үнемдеу керектігін, ізгі сөздерді айта білуді.