«Жас?спірімні? ?БТ тапсыру?а дайынды?ы кезінде ата-аналарды? психологиялы? к?мек к?рсетуі» ТА?ЫРЫБЫНДА?Ы БІРЫ??АЙ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ


«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналардың психологиялық көмек көрсетуі» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҮШ «Қ» ЗАҢЫ Бірінші «Қ»: Жағдайды құрметтеңіз. Оның барлық оң және теріс жақтарын қабылдаңыз. ҰБТ бұл — біздің білім беру кеңістігіндегі жаңа шындық және бұл фактімен санаспау мүмкін емес.Жағымсыз эмоциялардан аулақ болып, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен бағыттаңыз. Екінші «Қ»: Жасөспірімді құрметтеңіз. Оның өз-өзіне деген бағасын арттырыңыз. Оның өзінің күші мен қабілетіне деген сенімін нығайтыңыз.Асыра мақтаудан қорықпаңыз! Асыра мінеп-сынаудан қауіптену керек! Үшінші «Қ»: Қамқоршыл болуға тырысыңыз. Жасөспірімнің көңіл-күйінің және мінез-құлқының барлық өзгешеліктерін уақытылы аңғарыңыз. Ағзасының физикалық және психологиялық ресурстарының шамадан тыс жүктемесінсіз, оған ауыртпалықтарды жеңе білуіне көмектесіңіз. Әр ата-ана түсінуі тиіс: ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек. БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫ ЕРЕЖЕСІ. БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: Тек ата-ана ғана баланың сабаққа дайындалу режимін бақылап, бала ағзасына шамадан тыс күш түспеуіне жол бермеуі тиіс. ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-анаға жасөспірімнің дайындалуына үйдегілердің (әпке-қарындастары, аға-інілері, ата-әжелері) кедергі келтірмеуі үшін, сабақ оқуға арналған ыңғайлы орын ұйымдастыру міндеті жүктелген. ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Жасөспірімнің тамақтануына айрықша назар аудару керек. Ақыл-ой күшінің қарқынды жұмсалуы уақытында оған құнарлы, әр түрлі тағамдар мен теңгерімделген дәрумендер кешені қажет. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кепкен өрік сияқты өнімдер бас миының жұмысын ынталандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді. ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: Сабақ пен демалыс кезектестірілмеген кезде қатты шаршау, қалжырау орын алады. Ата-ана жасөспірімге әдеттегі 40-45 минут (мектептегі сабақтың ұзақтығы) сабақтан кейін, дағдылы 10 минуттан кем емес үзіліс жасау керек екендігін айтып отырулары тиіс. Осы үзіліс кезде жеңіл-желпі тамақтанып, терезеден сыртқы табиғат көрінісіне қарап, аздаған жаттығу жасауға немесе душқа (себезгі) түсіп алуға болады. БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Емтихан қарсаңында баланың «қадалып» дайындалу (егер мұндай болатын болса) әрекетінің алдын алу керек. Білімді «өңдеп шығуға» жетпейтін әйгілі «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде қиял. Сондықтан емтихан алдындағы түнде ата-аналар баланы тыныштандырып, ұйқысы қанып тұруы үшін, оған толыққанды демалысты қамтамасыз етулері тиіс. НАЗАР АУДАРАҢЫЗДАР: Сіздерге бұл ережелердің барлығы тым қарапайым әрі айқын нәрседей болып көрінуі мүмкін. Бірақ, көбіне ең қарапайым нәрсе назардан тыс қалып жататындығын естен шығармаңыз. Біз кейде ұмытуға болмайтын нәрсені, ұмытып кетіп жатамыз емес пе?! АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ: Баланың ата-ананың эмоционалдық көңіл-күйін мұқият аңғарып, сезінетіндігін ұмытпау керек. Егер ересектер өзін-өзі ұстай алмай, қобалжу мен үрей тудыратын болса, онда балаға ата-анасының осындай көңіл-күйі «жұғып», ең жауапты сәтте эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін. ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-ана өздерінің талаптары мен жасөспірімнің мүмкіндіктерінің қаншалықты арақатыстылығы туралы ойланулары тиіс. Жасөспірімді мектепте жаппай табысқа бағдарламалау керек. Одан да оған жоғары баға алу мүмкіндігі бар пәндерді анықтауына көмектесіңіз. СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы жасағанына назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды. «Есімдер» жаттығуы ЖҰЛДЫЗЖ – жылы жүздіҰ – ұстамдыЛ – лайықтыД – досшылЫ – ынсаптыЗ – зейінді «Есімдер» жаттығуы НҰРЖАНН – намысшылҰ – ұстамдыР – рухтыЖ – жігерліА – адалН – нағыз дос «Есімдер» жаттығуы АЙГҮЛА – ақ көңіл, ақжарқынЙ – ибалы, инабаттыГ – гүлдей әсемҮ – үлкенді құрметтейдіЛ – лайықты «Есімдер» жаттығуы СофияС – салмақты, сабырлыО – отаншылФ – физикалық жағынан мықтыИ – инабаттыЯ – ақылды, парасатты «Ескі түсініктердің жаңа мағыналары» филологиялық ойыны ЕМТИХАНЕ – еңбек, ерік-жігерМ – мақсат, мүдде, міндетТ – талап, талант, тапқырлықИ – игілік үшін еңбектенуХ – хабардарлықА – ақ жол, ақ ниет, ақылН – намыс, нәтиже!  ҰБТ Ұ – ұжымдастық, ұқыптылықБ – бірлік, бағалау, бақылауТ – талант, талап, тәжірибе Ата-аналардың жасөспірімдердіқолдау стратегиялары БІРІНШІ СТРАТЕГИЯ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ: Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯ: Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; Белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған. ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯ: Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіз! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды, сабырлы бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Қандай жағдай болмаса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамаша жансың!». НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: Балаңызға жақсы көретініңізді сездіріңіз, жүрегіңіздегі сезіміңізді білдіріңіз!