Білімді ?рпа?-ел тірегі сыныптан тыс іс-шара


«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің
қосымша білім беру орталығы» ММ
Қалалық зияткерлік «Зерде» клубы

«Білімді ұрпақ- ел тірегі»
Тонашина Ж.Қ.

2016-2017 оқу жылы
«Білімді ұрпақ- ел тірегі»
Мақсаты:. Оқушылардың білімдерін ортаға салу , тіл байлығы сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Армысыздар құрметті ұстаздар, және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білімді ұрпақ-ел тірегі» сайысына қош келіпсіздер!Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
(Сайыскерлер екі топқа бөлінеді)
І топ «Достық» Топтың бұлай аталу себебі біздің Қазақстанда көптеген мемлекеттер бар. Біз олармен доспыз.
Ұраны: Достығымыз тым ыстық,мақсатымыз тыныштық!
ІІ топ «Бірлік»» Бірлік бар жерде тірлік бар»
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап бірге ұшамыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Бірінші кезең : «Синквейн» «Тәуелсіздік» «Егемендік»
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Екінші кезең: «Мақал-мәтелдер» Оқушылар ұяшықтар таңдау арқылы берілген сөздерге мақал-мәтел айтулары керек.
Адам Әке Ауа райы Отан
Білім Ана тілі Туған жер Нан
Кітап Достық Төрт түлік Денсаулық
Өнер Ана Батыр Бала
Үй Табиғат Қонақ Тәрбие
Үшінші кезең: « Кластер» 40157403295652739390329565720090281940
-203835347980Қазақстан
Қазақстан
1386840196215-880110120015
292989062230Астана
0Астана
-203835-4445ОтанОтан
46920151670052291715167005
390144027178027393901860551082040281305-432435186055

Төртінші кезең. Психологиялық сәт. «Психогеометрия»
Балалар мына жердегі геометриялық фигуралардың ішінен өздеріңе ұнаған кез-келген түрін таңдауларың керек.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті,қабілетті білдіреді.Олай болса ,осы сәтте әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Шаршы (Квадрат) Сендерде төзімділік,шыдамдылық ,еңбекқорлық дамыған.Сендердің өз айналарыңа адамдарды жинап ұйымдастыру және жүйелеу қабілеттерің баршылық.
Ирек (зигзак) Сендерде әсемдікті көре білу қабілеттерің жоғары қалыптасқан.,сондай-ақ шығармашылық қабілеттерің ,ой-өрістерің дамыған.Бастаған іздеріңді аяқтауға төзімділіктеріңнің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер (круг) Сендердің бойларыңда адамгершілік қасиет жоғары дамыған.Сендер өз достарыңды тыңдай аласыңдар және олардың қуанышын да ренішін де бөлісе аласыңдар.Сендердің іштеріңнен болашақта үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш (треугольник) Сендер өздеріңе сенімдісіңдер.Сендерге басқарушылық қабілет тән.Осындай қасиеттердің көмегімен жеңіске жетістіктерге оңай қол жеткізесіңдер.
«Тікбұрыш» пішінін таңдағандар өз-өзіне сенімсіз,өз ойын нақты жеткізе алмайтын тұйық, бірақ әрдайым шыншыл адамдар.
Көрдіңіздер ме? Біз әрқайсысымыз әртүрлі екенбіз.

Бесінші кезең: «Біздің болашақ мектебіміз».Оқушылар өздеріңізге берілген мына 10 заттарды пайдалана отырып ,болашақтағы мектеп ғимаратын салуларыңыз керек.

Алтыншы кезең: «Қара жәшік»
Ортаға қара жәшік әкелінеді.Әр топқа тапсырма оқылады,берілген тапсырманың жауабы қара жәшікте жасырылған .
Сұрақ.
Ол экономикалық жүйенің негізгі құрамы .Оның алғашқы үлгілері 1992 жылы Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары » компаниясымен өзара келісім шарт арқылы жасалды.
Қосымша көмектер.
1.Оның пайда болуы Тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі.
2. Ол айналыс құралы.
3. Оны енгізу Қазақстан Республикасы эканомикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.
4. Ол 1993 жылдың 3 қарашасында Президент Жарлығымен құрылған мемлекеттік комиссия тұжырымдамасымен дайындалды.
5. Ол 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді. Жауабы: (Теңге)
Рефлексия. «Көңіл- күй ағашы»
Если чувствую себя хорошо, ком¬фортно, то вешаю на дерево яблоки красного цвета, если нет, зелёного.
Қорытынды:
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,
біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.
Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!Талай қиын асулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, оқушыларға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар!