С?здерді? байланысу т?рлері саба? жоспары 7-сынып


Күні: 13.03.17 қазақ тілі 7-сыныпСабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері. ҚиысуСабақтың мақсаты:Сөздердің байланысу түрлерін таныту, жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру,оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.Сабақтың нәтижесі: Сөздердің байланысу түрлерін түсінеді, киысу терминін топтық жұмыс арқылы біледі. Жаттығу жұмыстарын талдайды, сұрақ қоя алады. Алған білімдерін қолдана және талдай білуге үйренеді.Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекетіҰйымдастыру Сыныпты топқа бөлуМозайка құрастыру арқылы топқа бөлуБағалау парақшасын тарату Оқушылар топқа бөлінедіҚызығушылықты оятуМағынаны тану Өткен сабаққа пысықтау жасауСөздердің байланысу тәсілдерін еске түсіру.1-топ Синтаксис деген не?2-топ Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір.3-топ Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері бір-бірімен қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?«Сәйкестік тесті» арқылы сөздердің байланысу тәсілдерін меңгергенін тексеруІзгілік кілті -------------------Шылау арқылыКөпір арқылы өту ----Интонация арқылыАбай - ақын ----------Орын тәртібі арқылыЖастық шақ -----------------Жалғау арқылыСөйлемдегі, сөз тіркесіндегі сөздерді тек байланысу тәсілдеріне қарай емес, байланысу түрлеріне қарай да топтастыруға болады. Мысалы, Біз Ғаниды өзінің үйінен таптық деген сөйлемді сөздерді байланысу тәсілі тұрғысынан қарасақ, бәрі де қосымшалар арқылы байланысып тұрғанын білеміз: біз таптық (жіктік жалғау арқылы), Ғаниды таптық (табыс септік жалғауы арқылы), өзінің үйінен (ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы), үйінен таптық (шығыс септік жалғауы арқылы). Бұлар сөздердің байланысу түріне қарай өзара ажыратылады. Қазақ тілінде сөздердің байланысуы бес түрге бөлінеді.Жаңа сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы ашуСөздердің байланысу түрлеріҚиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасуҚиысу: Біз таптық- кім, не істеу? 1. Қиысу — баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен).2. 1. Оқулықпен жұмыс1-топқа 242 - жаттығу.Мәтіннен қиыса байланысып тұрған сөз тіркестерін тауып, қай сөз табынан екенін анықтаубала көріп, бала жүре беріп, шешесі тұрып, әкең тұр, Абай көрді 3. 2-топқа 243-жаттығу Сөз тіркестерін байланысу түрі мен тәсілдеріне қарай талдау4. 3-топқа 244-жаттығу жекеше және көпше қиысып келген сөздерді бөлек теріп жазыңдарТоптық тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақтарға топппен жауап береді. Сәйкестік тестін шешу арқылы сөздердің байланысу тәсілдерінен алған білімдерін пысықтау.Топтық жұмыс арқылы бір-бірімен ой бөліседі. Өзара үйретеді. Жаттығу жұмыстарын дұрыс орындайды.Ой толғау «Кітап-сырлас досымыз» тақырыбында ойтолғау жазу (Берілген даналық сөздерді пайдалану) Сөздік қоры көбейеді. Өзімен сырласа біледі. Ойын жинақтап үйренеді.Қорытынды Үй тапсырмасы Қиыса байланысқан сөз тіркесіне сөйлем құрастыруБағалау