Сайысты? білімділік ма?саты: о?ушыларды? икемдіоігін, іскерлігін, шеберлігін ?алыптастырып, ??ыптылы??а баулу, о?ушылар?а а?ыл-ой,е?бек эстетикалы? т?рбие беру. Сайысты? барысы: «?аза? ?ыздары» ?ні баяу ойналады Ж?ргізуші: Талпын?ан ?р шындар?а жас талант


«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
7-9 сынып аралығында /пән апталықта/ өткен сайыс
Г.К.Жунусова
технология пәнінің мұғаліі
Ақсу қаласы, М.Омаров ауылы
Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту
Армысыңдар қадірменді көрермен қауым!
Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
Бұл сайысқа 7 лицей «Шебер қолдар», 8 лицей «Өнерлі қыздар» және 9 сыныптың «Сымбат» тобы өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
«Ұзақ ғұмыр», «қуаныш», «нұр» сыйласын
Өмірдің тыншымайтын ағыстары
-дей отырып, ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз ару қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білім мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтті бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1-шарт «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
2- шарт «Ана көрген тон пішер», қолөнер бұйымдарын көрсету.
3- шарт мақалдардың жалғасын табу сайысы
4- шарт «Білектей арқасында өрген бұрым» шаш үлгісін көрсету.
5 – шарт «Ою ойғанның ойы ұшқыр» , түскиіз бетін ою-өрнекпен әшекейлеу Яғни бір ою-өрнек ойып беру.
6- шарт «Ас адамның арқауы», бір салат түрлерін дайындау.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын
Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
4.
Сайысымыздың 1- шарты бойынша топтың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру.
«Сәлем - сөздің атасы», кезекті топтарға берейік
Әділқазылар тапсырманы 1-5 балға дейін бағалайсыздар.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың
Бойыңа жиғандай өнер бағын
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын
демекші, келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын сайысымыздың күрделі шарттарының бірі – қолөнер бұйымдарын көрсету. Әр топ өз қолөнерін көрсетеді. Бұл тапсырма үй тапсырмасы. Әр топ үйден өз қолымен жасалған бір бұйымды әкеліп, көрсетеді.
Бұл қандай бұйым, не үшін тігілген, қандай қажеттілігі бар.
Ақылдылық аруға жасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар білім мен парасаты
дей отырып, келесі кезекті мақалдардың жалғасын табу сайысы топ мүшелері топтама бойынша мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады
І- топ Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық (ішуге сән)
Бейнет, бейнет түбі (зейнет)

Ер қадірін ерлер білер
Зер қадырын (зергер білер)

Еңбек пен бақыт (егіз)
Тауық – құс емес,
Жалқау (кісі емес)
ІІ- топ Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз (жеңіл жоқ)
Еңбек - өнер өрісі,
Өнер – (өмір өрісі)
Ерінген (екі істейді)

Еңдек ширатады,
Өмір (үйретеді)
ІІІ – топ Өнерлінің қолы алтын,
Өленшінің (сөзі алтын)
Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген (өшер)
Байлықтың атасы – еңбек,
Анасы – (жер)
Тере берсе, тезек те (қызық)
Ер дәулеті – (еңбек)
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін
деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті шаш үлгісіне берейік.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша әр топқа қағаз беріледі. Сол қағаздан ою-өрнек ойып, әділқазы алқаларына табыс етесіздер.
Тапсырманы орындағанша 6 сынып оқушысы Куаныш Алтынтан
көрермендерге бір әнін сыйласын
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін
Дайындаған салат түрімен таныстыру: ( қандай салат жасады, салаттың құрамы және дайындау әдісі).
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым...
Тәмамдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып, арулардың
дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті әнге берейік.
«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
Тапсырмалар Ұпайлар (1-5 б)
««» «Шебер қолдар» «Өнерлі қыздар» «Сымбат»
тобы
1-шарт «Сәлем – сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
2- шарт «Ана көрген тон пішер», қолөнер бұйымдарын көрсету.
3- шарт мақалдардың жалғасын табу сайысы
4- шарт «Білектей арқасында өрген бұрым» шаш үлгісін көрсету.
5 – шарт «Ою ойғанның ойы ұшқыр» , түскиіз бетін ою-өрнекпен әшекейлеу 6- шарт «Ас адамның арқауы», бір салат түрлерін дайындау.
Барлығы /жинаған үпайы/