Математикадан саба? жоспары ?шб?рышты? б?рыштары мен ?абыр?алары арасында?ы байланыс


Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы:
«Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы байланыс» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Есептер шығару барысында білімдерін қалыптастыру.
Білімділігі:
Оқушыларды зерттеу, саралау, салыстыру, ой қорытындылау арқылы
«Үшбұрыш туралы» кең көлемде алған білімдерін баяндап, көрсете білуі.
Дамытушылығы:
Логикалық ойлау, математикалық тілде сойлеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелігі:
Оқушыларды шығармашылық жұмыс жасау қабілетінде тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Білімді қорытындылау
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Көрнекі құралдар:
Таратпа материалдар \тест тапсырмалары\ плакаттары, \сызбалар салынған есептер\ тірек
сызбасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.
ІІІ.Үй тапсырмасы
Ауызша шығармашылық жұмыс \тірек сызбасы бойынша\;қосымша сұрақтар дайын сызбалармен жұмыс.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс:№28; 34
Ү.Тест тапсырмалары
1.Бұрыштың сыртқы,ішкі бұрыштары
2.30˚-қа қарсы жатқан катеттің ұзындығы
3.Қабырғаларының ұзындықтары:3,4,5; 1,2,3, ;7,7,1см болатын үшбұрыштар болуы мүмкін
бе ?
4.Бұрыштың периметрі дегеніміз не?
№28.Тік үшбұрыштың бір<60˚, оның гипотенузасы мен кіші катетінін қосындысы 2,64
см.Гипотенузаның ұзындығын табыңдар?
Берілгені: ABC –тік бұрышты үшбұрыш AB+BC =2,64 см
<C=90˚ <B=60˚
Табу керек:AC=?
Шешуі: <A=180˚-(БИ+БС)=180˚-150˚=30˚
<A=30˚ = ˃BC = AB
AB+BC=AB+AB=2,64
AB=2,64см
AB=1,76см
Жауабы:AB=1,76см
№34.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16,4см.Оның екі қабырғасының айырмасы 4,4см.Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі сүйір бұрыш.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар?
Берілгені: ∆ABC- тең бүйірлі
P∆abc=16,4см
AB=BC; <A=<C
AC-BC=4,4 см
Табу керек: AB=BC=?
AC=?
Шешуі:P=AB+BC+AC
B-a=4,4см b=4,4+a; P=3a+ 4,4;
3a+4,4=16,4; 3a=12; a=4см;b=8,4см
Жауабы: 4см; 8,4см
ҮІ.Сабақтың қорытындысы:Бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма:Бақылау жұмысына дайындалу:
98-бет 1-10сұрақтар. №32 есеп.