?аза?стан Республикасыны? т?уелсіздігіне орай Т?уелсіздік-т??ырым та?ырыбы бойынша сыныптан тыс саба?ты? жоспары


«Тәуелсіздік-тұғырым»
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ
арналған сыныптан тыс сабақ
 Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізуді қалыптастыру.
 2.Дамытушылық:
 оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.
 3.Тәрбиелік:
 Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатына, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.
 Сабақтың түрі: қайталау, таныстыру сабағы
 Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,сөйлеу.
 
Сабақтың барысы:
1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтеді. Бүгінгі сабағымыз алған білімдеріңді сынап, пысықтап, қорыту үшін арналады.
1 жүргізуші: Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз Президенті , елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздігін алды, содан бері міне, 24 жыл өтті.
2 жүргізуші: Сабағымызды бастамас бұрын, Сауле Ахметкалиевна, мен сізге жұмбақ айтайын деп едім.
1 жүргізуші:: Ол қандай жұмбақ?
2 жүргізуші: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
1 жүргізуші: Айнұр Берікқанқызы, кане жауабын айтыңызшы.
2 жүргізуші::
Бір деген – Тәуелсіздік.
Бостандыққа қол жеткіздік.
Екі деген – Елім,
Далам, Тауым, Көлім.
Үш деген Елтаңба,
Оны білмей қалма!
Төрт деген әнұран,
Жүректегі ұран!
Бес жалау –жалау,
Желбіреген алау
Алты деген – Ана тілі,
Міндетті түрде оны біл.
Жеті деген Елбасы,
Өрлеп тұр оның тасы.
Сегіз деген –Астана
Республикаға бас қала.
Тоғыз деген – тарих,
Толық оны таниық!
Он деген болашақ!
1 жүргізуші: ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбірегені. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
2 жүргізуші:: 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне, 24 жыл өтті де шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.
1 жүргізуші:: Енді «Тәуелсіздік – тұғырым» атты интеллектуалды сайысымызды бастайық.
Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушыларға сайыс сабақтың кезеңдері түсіндірілді.
Сайыстың кезеңдері:1. “Зымыран сұрақтар”2. “Сен білесің бе?”3. Сөздің көркі мақал4. “Дұрыс жауабын тап”5. Сұрақ – жауап 6. “Менің елім Қазақстан”.
1-кезең бойынша сұрақ-жауап әдіс арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдері тексерілді.
1.Бір жылда неше ай бар?
2.Қазақ тілінде неше септік бар?
3. ҚР-ның валютасы? 
4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы?
2-кезеңде:
1. Қазақстан мемлекетінің рәміздерін ата.
2. Қазақстан Республикасының әнұранның авторы кім?
3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы президенті кім?
«Сөздің көркі мақал» 3-кезеңінде суретте тапсырмалар беріліп, мақал-мәтелдерді анықтады.
4-кезеңде сұрақтарға жауап берілді.
1. КОШКА СӨЗІНІҢ ҚАЗАҚША БАЛАМАСЫ…
2. СӨЙЛЕМДІ ЖАЛҒАСТЫР: БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК - … .
5-кезең " Сұрақ – жауап" .
Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды, оқушылар кезек-кезек жауап береді.
6-кезең- “Менің елім Қазақстан”.
Топтар “Менің елім Қазақстан” тақырыбы бойынша қағазға сурет салып, Қазақстан туралы сөйлемдер құрастырады.
1 жүргізуші:: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де, төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Тәуелсіздік – ата -тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпіндірді. Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім-байтақ Қазақстан» деп маң-маң басатын болды.
2 жүргізуші: Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізді сеніммен қарайтын азамат болу. Жақсыдан үйренейік. Жаманнан жиренейік. Қазақстанның Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!
Бір сөзбен айтқанда, қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолға алға баса береміз.