Технология п?ні бойынша ?ткізілетін сыныптан тыс іс-шараны? жоспары


Технология пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс іс-шараның жоспары
Мектеп:Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектебі
Мерзiм: 20.01.2016
Мұғалiм: Мырзаханова Ж.М.
Сынып: 9 «Б».
Оқушылар саны: 14.
Тақырып: «Шебердің-қолы ортақ».
Мақсаты:Оқушылардың рухани азығын толықтыра отырып, еңбек жайлы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
Еңбек сабағында алған білімдерін ауызша жалпылап бекіту;
Оқушылардың ойлау,елестету,шешендік қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың топта жұмыс істеуге бірлесіп,тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелей отыра этикалық әлеуетін жоғарылату;
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар,эмблема,ватман,магниттер, маркер,фломастер,интербелсенді тақта,т.б.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар және қыздар, «Шебердің-қолы ортақ» атты сыныптан тыс іс-шараға қош келдіңіздер! Бұл іс-шараның өткізілу барысында қыз балалар іспен ғана емес сонымен қатар еңбек жайлы қздерінің білетіндерін ортаға салып,тілге бай,шешендік өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беретін сайысымызға белсене қатысу арқылы көрсетеді.
Келген қонақтардан әділ-қазылар тағайындап,сайыс сабағымызды бастайық!
1. «Таныстыру».
1Топтың атауы.
2.Ұраны.
3.Төс белгі.
2.Мақал-мәтелдерді жалғастыру сайысы.
Қыз еркем, көркем.
Киім пішсең, піш, тарылту оңай.
Өнерлінің ісі өрге басар.
Он қолынан тамған шебер
Қазаншының өз еркі-
Қолы білген құм үстінен жүргізер.
Тарылту оңай, қиын.
Қалауын тапса,
Алтын ала білген,
Еңбек, сүйеді.
Қол өнері- ,
Сөз өнері- .
Өтпес пышақ- .
Өнерлінің өзегі .
Өнерпаздың қолы бар.
Әр нәрсеге асық болғанша,
машық бол.
Оймақ пішсең де, .
Ақыл- көпке жеткізер,
Өнер- .
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің .
Қолың ұста болсын,
Сөзің .
Еңбек етсең ерірбей, .
3.Жұмбақ шешу сайысы.
Өрнектеп, сәндеп,Тігістерін бүгетін.Солпысын жөндеп,Кім көйлек тігетін?/Тігінші/
Қалпағы ақ қарасаң,Дәрігер емес, бірақ ол.Дәм мәзірін қаласаң,Алға ұсынып тұрады ол./Аспаз/Топырақтың құнарын,Дәл тауып құрамын,Қай жерде қай дақыл,Өнім берер бай дақыл,Зерттеп дәйім жүретін,Кім бәрін білетін?/Агроном/
Ал татыған мәзір,Ол бар жерде әзір./Аспаз/
Өскен шашты жаратпайтын,Қайшысы бар жалақтайтын./Шаштараз/
Оның тіккен бұйымы,Аяғыңды қаптайды,Шыға қалса жұлымы,Әдемілеп баптайды./Етікші/
Ұрып қойып өрмегін,Ұршықтарын ойнатып.Сәнді мата өрнегін,Жасайтын кім жайнатып?/Тоқымашы/
Ұзын-ұзын жолдар бар.Үйрек қонар көлдер бар.Ат үстінде шоқиып,Отыратын күндер бар./Өрмек тоқушы/
4.Анаграмма шешу. «Шебердің қолы-ортақ».
1.Машина жіптен өрнектеп тоқылған желбір.(Шілтер)
2.Жүннен иіріп, өрнектеп тоқылған киім.(Шекпен)
3.Он саусағынан өнер тамған адам.(Шебер)
4.Әшекей тігісінің аты,өрнек бізбен іліп тігетін көркем тігіс.(Кесте)
5.Ердің астына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасаған өрнектелген қапшық.(Қоржын)
6.Киіз үйдің шаңырағын жабатын шаршы киіз.(Түндік)
7.Киім-кешекті,маталарды біріктіретін қолмен және машинамен тігіледі.(Тігіс)
8.Киіз үйдің төбесіндегі күлдіреуішті шеңбер ағашы. (Шаңырақ)
9.Мата қиықтырынан түрлі геометриялық пішіндердің ойылып,құралуы.(Құрақ)
10.Бір нәрсенің бетіне түсірілген түрлі-түсті нақыш,бедер,өрнек,әшекей.(ою)
11.Күміс әшекейлі теңге моншақ , сырға.(Шолпы)
12.Қандайда бір сұйық және қою тағамдарды салуға арналған асхана құралы.(Ыдыс)
13.Әйел адамдардың басына тағатын жамылғысы.(орамал)
14.Әр түрлі үлгілермен жасалатын оюлы бедер.(Өрнек)
15.Іргеге төселетін киізге түскен барқыт,оюланған кілемше.(түскиіз)
16.Іс тігуге арналған,киім-кешек тігуге арналған құрал.(Машина)
17.Еңбек сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережесін сақтап қолданылатын құрал.(қайшы)
5.Топ басшылар сайысы.Ою-өрнектерді кім жылдам құрастырады?
3минут беріліп,ою қиындылары біріктіріліп аты аталады.
6.Әділ қазылар қорытындысы,топтың жеңімпазын анықтау.
7.Топпен ән айту.
8.Жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен сайыс сабағымыз соңына жетті,қатысқандарыңызға үлкен алғыз білдіреміз!