«Ой-?ріс ке?дігі ж?не а?ыл-парасат» Саба? жоспары


«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп: №20 лицей – мектебі Мұғалім: Баильдинова Д.С.
Сынып: 10К Оқушылар саны: 19
Сабақтың тақырыбы: № 4«Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат».
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: адамгершілік, шынайлық, ар – ұждан, жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның ақыл – ой және ой – өріс кеңдігінің мүмкіндіктер жөнінде түсініктерін кеңейту арқылыа қиқат құндылығының мәнін ашу.Білімділік: Оқушыларға ой-өріс кеңдігі және ақыл ерекшеліктерін түсіндіру арқылы адамгершілік,шынайлық, ар – ұждан жөнінде білімін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың айнала қоршаған адамдарға ізгі ниеттерін, адагершілігін, шынайлығын, татулық қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, еңбекқорлыққатәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,
өлеңнің аудиодискісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.
ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
«Нұрға бөлену»
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Балалар, жаттығу барысында не сездіңдер?
Қандай күйде болдыңдар? «Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кездеоқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 14 бетіндегі «Ақыл бар жерде...» әңгімені оқып келу.
Сұрақтар:
Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп не үшін таласып қалады?
Данышпаның бойында қандай қасиеттер мен құндылық байқадындар?
Егер сен Данышпанын орнында болсаң қалай жауап берер едің? Балалардың жауаптары
на сүйене отырып қорытындылаймын
Дәйексөз.
Ой деген – бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бірнұр құйып.
Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің – таусылмайтын кермиық.
М.Жұмабаев
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Қыздар екі рет қайталайды, ұлдар екі рет қайталайды. Сосын барлығы хормен айтады. Дәптерге көшіріп жазып алады. Балалардың жауаптары
на сүйене отырып қорытындылаймын
Мұғалімнің сыйы. Өсиет әңгіме.
Ақыл мен ырыс.
Қазақтың толықсып тұрған заманында бір адамға қыдыр дарып, бақ қонып, малы да, бағы да көтеріліп жұрт алдына түседі. Мал да, ақша да көбейіп дәуірлеп тұрғанда, ол бай да, бақытты да, ырысты да атанады. Бір күні ақыл мен ырыс тұрып былайша егеске кірді:
Ақыл: Бұл байға осынша дәулет, байлық, бақ бәрі де менің арқамда болды, мен болмасам бұл дәулеттің бірі де болмас еді дейді.
Ырыс: Жоқ, мен болмасам мал мен бақ болмас еді. Малмен бақ үшін ақылдың керегі жоқ, ырыс болса өзгесі өзі келе береді, — дейді.
Ақыл: Олай болса, байқасалық, — деп 13 жылдан бері байдың қолында жүрген қойшыға барып қонады. Ақыл кірген соң, малшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері осы байға қызмет қылып келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді, мен сұрағаным да жоқ, неге мен бұлай жүремін, ақы алып өз алдыма іс қылайын деп ойлапты да, кешке келіп байдан ақы сұрайды. Бай: «Алда, бейшара-ай, Құдай мұның есіне бірдене салған шығар», — деп бірнеше жүз сом, бір ат, бір арба беріп шығарады. Бұл жылда егін салып, әр уақыт суарып жақсы қарағандықтан, мұның егіні көп шығып, берекелі болады. Сол мезгілде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болып, астық іздеп жүргенде, әлгі жігітке жолығып, «дос болайық, барлық егінді маған бер» деген соң, «ел алған егін, жер алған тегін» деген еді ғой деп бар егінін береді.Ақыл кеткен соң баяғы байдың дәулеті азайып, күннен-күнге кейін кетеді. Ырыс ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, сензіз менің қолымнан түк келмейді, енді бір болайық деп, бұл да жігітке қонады.
Өсиет әңгімеде қандай құндылық қарастырылады? 
Адамгершілігі мол жандандарды өмірде
кездестірдіңдер ме? Олар туралы әңгімелеп бер.
Шығармашылық бағыт. Оқушылар таңдаған түстер бойынша топтарға бөлінеді.
1 – топ «Ақыл» тобы - Ақыл адам өміріне қалай әсер етеді?эссе жазу.
2 – топ «Парасат» тобы –Абайдың он жетінші қара сөзін сахналап беру.
3 – топ «Білім» тобы - 4 жолды өлең құрастыру.
4 – топ «Талап» тобы - «Ол – акыл » шешендік сөзді сахналау. Топпен ән айту.
Өмiрiңе немқұрайлы қарама
Сөздері: Дарибаевтар
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,Дүниеден кетті бай да, өтті бек.Өміріңе немқұрайлы қарамаДәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,Зерлі шапан киінсең де жақұттан.Өміріңе немқұрайлы қарамаШақша басың айналса да бақыттан.Қайырмасы:Бақ құсыңды қонған кезде бағала,Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,Өміріңе немқұрайлы қарама.Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.Өміріңе немқұрайлы қарама,Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.Сын сағатта сақтау үшін өз басынСатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.Өмірңе немқұрайлы қарамаАйдын көлге айналса да көз жасың.Қайырмасы:Бақ құсыңды қонған кезде бағала,Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.Қаншаазапкөрсең-дағы, бауырым,Өміріңенемқұрайлықарама.
Қызылмен белгіленген сөздердің мағынасын аш. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 19 бетіндегі «Болады деп арманда » өлеңдіоқыпкелу. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет!