Математика п?ні бойынша саба? жоспары:2 саны ж?не цифры


Сабақ тақырыбы: 2 саны және цифры Мектеп: Привольное мектебіКүні :15.09 Мұғалімнің есімі: Арсакова Ж А
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: натурал сандарды алу жолын түсінеді;
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;
натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүкте-лер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;
“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: 1 және 2 цифрлары жазылған таспа;
қағаздан қиылған екі жапырақ;
қарындаштар;
белгі беретін (сигналдық) тақтайшалар;
2 цифрының жазылу үлгісі;
әрбір оқушыға екіден тарататын үшбұрыштар.
Тірек сөздер екі;
қосу;
азайту;
тең.
Сабақтың мақсаты: 2 санының сандар қатарындағы орнын, оның мағынасы мен құрамын түсіндіру, 2 цифрының жа-зылуын үйрету, “+”, “–”, “=” таңбаларымен және оны қолдануымен таныстыру.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет РесурстарСабақтың басы
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Шаттық шеберіСабақтың ортасы8 минут
3 минут
5 минут
16 минут
2 минут Суреттен бірдей екі затты тап. Оқушыларданзаттар қатарына мұқият қарап, бірдей екі затты атауды сұрау. Өз байқағанымен бөлісу үшін жұмысты жұпқа бөліп ұйымдастыру.
Жауабы:
2 кітап, 2 секіргіш, 2 гүл.
Көрнекілік материалдар жинағынан бір саңы-рауқұлақты алып тақтаға ілу Оқушылардан “Тақтадан неше саңырауқұлақ көріп тұрсыңдар?” — (Бір.) “Саңырауқұлақтың астына қай санды қоюға болады? (1) 1 цифры жазылған па-рақшаны саңырауқұлақтың астына орналастыр. Саңырауқұлақ екеу болу үшін не істеу керек? (Тағы да бір саңырауқұлақ қосу керек.) Тағы бір саңырауқұлақты қос және оның астына 1 цифры жазылған парақшаны орналастыр”. Оқушыларға бір санға екінші санды қосуды, математикада “+”белгісін қолданып көрсететінін және ол қосады деген мағынаны білдіретінін айту. Енді неше саңырауқұлақ болғанын сұрау. (2). “=” белгісі мен 2 цифрын парақшаға орналастыру. Оқушыларға “тең” белгісі қанша болғанын көрсететінін айту. Алынған өрнекті оқыту: 1 + 1 = 2. Оқушылардан оны оқуды сұрау 2 – 1 = 1 өрнегі бойынша да осындай жұмыс жасауОқулықпен жұмыс
Оқып шық. Оқушыларға суретті қарап, сюжет бойынша әңгіме құрастырып не болғанын айтып беруді ұсыныңыз. Содан кейін оларға өрнекті жұппен оқуды ұйымдастырыңыз. Олар алғашында біреуі оқиды да, екіншісі тыңдайды. Ал одан кейін керісінше. Тапсырма оқушылардың “+”, “–”, “=” белгілерінің мағынасын ұғу үшін жаттығуға
бағытталған.
Шығарып көр. Жоғарыдағы үш сурет бойынша сыныппен талдау жүргізіңіз. Оқушылардың біреуіне сұрақты оқытып, ал қалғандарына оған жауап беруді ұсыныңыз. Олардан өрнекті шешуді сұраңыз. Төменгі қатардағы сурет бойынша жұмысты топпен алдыңғы тапсырма сияқты орындатыңыз. Содан кейін оқушыларға осындай шешімі болатын өз мысалдарын ойлауды ұсыныңыз.
Жауабы:
1 + 1 = 2;
2 – 1 = 1.
Дәптермен жұмыс
Жұппен жұмыс:
Сана және салыстыр. Оқушыларға заттардың санын солға және оңға қарай санату және қайсысы көп, ал қайсысы аз екенін салыстыру Содан кейін салыстыруға өрнекті оқу. Орындап көр.
Оқушылар суреттегі балаларды неше рет топқа бөлді? Әр бөлу кезінде неше топ жасауға болады?
Жауабы:
ұлдар мен қыздар тобы;
қолдарында
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендiОрнымыздан тұрып апЖүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы тапсырма.
Сергіту сәті
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

СмайликтерДифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.