Презентация по казахскому языку Жамбыл Жабаев


Жамбыл Жабаев(1846-1945) Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екенЖамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса «Манас», «Ер Төштік» эпостарын жырлаған, олардың ілтипат-ықыласына бөленген. Ақын бүкіл әлемге тараған «Мың бір түннің» тарауларын, Орталық Азия мен Кавказ халықтарына ортақ «Көрұғылы» жырын, Фирдоуси «Шахнамасының» үзінділерін жасынан жаттап алып, айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Жамбыл өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалыптасқан. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Жамбыл - өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті. Жамбылдың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғасырдың 70-ші жылдарынан басталған. Ақын 1945 жылы дүние салды. Ақын мұрасы қазақ халқы үшін әрқашанда қымбат. Оның ақындық еңбегі кезінде аса жлғары мемлекеттік марапаттармен де болған-ды. Жамбыл шығармалары орыс тілі арқылы бүкіл әлемге тарап, ақын «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ақынның туғанына 150 жыл толуын ЮНЕСКО ұйғаруымен бүкіл дүние жүзі мерекеледі. «Сараң бай мен жомарт кедей», «Жылқышы», «Біреулер жүр», «Мәңке туралы», «Қалиға», «Ленинградтық өренім», «Халық кегі», «Патша әмірі тәрілді», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Бақыт ордасында», «Махаббаты өлшеусіз анаға», «Ұлы көш», «Төлеген ер», «Москваға» т.б шығармалары барШығармашылығы