?МЖ та?ырыбы ?исы? сызы?ты трапеция. ?исы? сызы?ты трапецияны? ауданы (11 сынып)


"Тексерілді"
___________________________
директордың ОІЖ орынбасары
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша № 9 сабақ
Өткізген күн: 21.09.2015 ж.
Сыныбы: 11"Ә" Пән мұғалімі Еспентаева Клара Кумаргалиевна
Тақырыбы: Қисық сызықты трапеция. Қисық сызықты трапецияның ауданы.
Күтілетін нәтиже:
Білу және түсіну: Дәл жоғарғы және дәл төменгі шен, қисық сызықты трапеция ауданы туралы ұғымды және қисықтармен шектелген қисық сызықты трапецияны кескіндей білу.
Қолдану: Алғашқы функция ұғымын қолдану арқылы, қисық сызықты трапеция ауданын табу біліктілігін мен қисықтармен шектелген қисық сызықты трапецияны кескіндеуді меңгеру.
Ресурс: _Оқулық, сызғыштар, интербелсенді тақта__
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру бөлімі 2 мин Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды
2 Үй тапсырмасын тексеру 4 мин Интерактивті тақтада: «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
№55, 56 Оқушылар кезектесіп жауап береді.Оқушылар өткен сабақтағы ұғымдарды еске түсіреді, талдайды.
Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды.
3 Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау 4 мин Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды
4 Проблемалық жағдай туғызу 5 мин Жаңа білімге қатысты интербелсенді тақтада сызбалар ұсынып, пікіраласу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ) Сызбалар арқылы жаңа білім геометриямен байланысын тауып, оның 4 аксиомасы орындалатынын байқайды. Анықтамасын тұжырымдап, оқулықтағы 4-9 суреттерден қисық сызықты трапецияны әр түрлі функцияның графигі арқылы алуға болатынын түсінеді.
5 Тапсырманы екеуара орындау 22 мин Оқулықтан
А: № 88, 91, 93
В: № 95 Оқушылар екеуара оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды.
6 Эвристикалық тапсырма (шығармашылық, зерттеушілік) С: № 100, 101,102 Дарынды оқушылар берілген тапсырманы орындайды
7 Білімді жинақтау және жалпылау 3 мин Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау
8 Бағалау: 3 мин Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау
Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.
9 Үйге тапсырма 1 мин № 89, 90(А); 97 (В) Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады
10 Рефлексия 1 мин Оқушыларға "бағдаршам" арқылы сабақты бағалауды ұсыну Оқушылар "бағдаршам" арқылы сабақты бағалайды