4 жыл мезгілі та?ырыбына ашы? саба? (3 сынып)


Сынып: 3
Тақырыбы: 4 жыл мезгілі
Мақсаты: төрт жыл мезгілі ертегімен таныстыру. Қысқаша мазмұнын ашу. Жаңа сөздермен таныса отырып, сөз тіркестер, сөйлемдер құратсыру. Сурет бойынша жұмыс істей отырып, жіктік жалғауды қайталап, білімдерін тексеру. Тәрбиелік мәні бар сөздерге көңіл бөлу. Әр жыл мезгілінде қалай киіну керек екені айту.
Көрнекілік: жыл мезгілдері бар суреттер, жіктік жалғауылары бар сөйлемдер, ребус, жұмбақ
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша, баяндау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең:
-Сәлеметсіз бе! Бүгін кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыста неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Бүгін нешінші ақпан?
- Кеше аптаның қай күні болды?
2. Жаңа тақырып:
-Балалар мына тұрған ребусты шешіп көрейік. Ребус шешу.
-«Төрт жыл мезгілі» жауабы.
-Мына қай жыл мезгіл? Қыс, көктем, жаз, күз
-Ал қазір әр мезгілде қандай ерекшеліктер болатынын сендер өздерің тауып аласыңдар.
3.Тақтамен жұмыс.
Коньки тебеді
қыс

Қар құлақшын киеді
Жауады

Қолғап киеді
боран соғады
көктем
құстар ұшып келеді
күн жылынады
қар ериді
жаз
балалар суға шомылады
күн ыстық балалар шомылады
жапырақтар қызыл, сары
күз

жаңбыр етік киеді
жауады
қолшатыр ұстайды
әр оқушы тақтаға шығып сөйлемдерді шығып іледі.
Балаларға жұмбақ жасырамын
Балалар бізге жыл атасы жұмбақтар алып келді.
1-жұмбақ
Дала аппақ жапалақтап
Қар жауады қай мезгілде? (Қыс)
Қыс мезгілінің тапсырмасы. Жаңа сөздермен танысып, мәтінмен жұмыс істеп, мағынасын ашу.
4.Жаңа сөздер
Ерте, ерте, ертеде-давным-давно
Жыл Ақсақал-дедушка год
Бөліп беремін- разделю
Осы сөздермен сөз тіркестер құрастыру.
5.Оқулықпен жұмыс 102 беттегі Ертегімен танысамыз.Оқушылар мәтінмен танысады.
-Тыңдап, менен кейін оқып, мәтінді аударамыз.
Сұрақтар мәтін бойынша қойылады.
-Қыс не туралы?
-Қыс неше және қай айларды алды?
-Көктем неше және қай айларды алды?
-Жаз неше және қай айларды алды?
-Күз неше және қай айларды алды?
6.Ойын: «Сиқырлы тақия»
-Мәтін бойынша өздерің сұрақтар құрастырып, мына қағазға жазасыздар.
Оны алмастырып, өздері таңдап алып жауап береді.
2-жұмбақ: Құстар ұшып келеді
Қар ери бастайды (көктемде)
7.Көктем мезгінің тапсырмасы: Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
Ұшып келеді құстар көктемде.
Шомылады балалар жазда суға.
Жиі-жиі жауады жаңбыр күзде.
Аққала қыста жасайды балалар.
Сергіту сәті. Видиорлик көрсету арқылы сергіту сәтін өткізу.
3-жұмбақ. –Балалар қай мезгілде біз суға шомылып
Үш ай демалады? (Жаз)
Жаз мезгілінің тапсырмасы: Жіктік жалғауларды жалғаңдар.
Сен коньки тебесің
Мен суға шомыламын
Сіз жаңа жылда демаласыз
Ол күзде келді
Мен қуыршақ, гүл сыйлаймын
Сен туған күнде торт жедің
Сіз қолшатыр алдыңыз
Ол қолғап киді
4-жұмбақ. Жапырақтар қызыл, сары, қоңыр болап, жерге қай мезгілде түседі? (Күз мезгілі)
Тапсырма: сандарды сөйлет.
4 24 60
7 12 3
Қорытынды: сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
-бүгін сабақта немен таныстық?
-неше жыл мезгілі бар екен?
-саған қандай жыл мезгілі ұнайды?
-сенің туған күнің қай мезгілде?
Үй жұмысы: 2 сөзге фонетикалық талдау жасау.
Бағалау: сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап күнделіктеріне қою
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!