?аза? тілі п?нінен Отбасы – ша?ын мемлекет та?ырыбына саба? жоспары 8 сынып

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Х. Бижанов ауылы
Ақын М. Мақатаев атындағы мектеп
Қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нурхалыкова Наржангүл Абдуваитқызы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағынмемлекетСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мемлекет, отбасы түсініктерін қалыптастыру.Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі, отбасы бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастырушы туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білуге үйрету,өз жұрты, нағашы жұрт ұғымдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту. 
Тәрбиелік: Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру, Ата - ананы сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, еңбекке баулу. 
Сабақтың көрнекілігі мен жабдықтар: АҚслайдтар,  кестелер, сызбалар, сөзжұмбақ , жетондар
Сабақтыңәдістәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіруСабақтың жоспары 1. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру. 2. Оқушыларды топқа бөлу 3. Ой қозғау. Отбасы туралы түсініктерін айқындау. 4. Мағынаны тану. Топтық жұмыстар. 5. Сергіту сәті 6. Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер  7. Сөзжұмбақ шешу
8".Қаражәшік" ойыны9. Класте рстратегиясы 10.Рефлексия11. Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау 12. Үйге тапсырма Сабақтың барысы. 
І. Шаттық шеңберін құру Баяу ән ырғағыойнап тұрады.-Балалар дөңгеленіп шаттық шеңберін құрайды ..Балалар- Барлығымыздың бойымызда жақсы қасиеттер бар екенін білеміз. - Ендеше, бір-бірімізді жақынырақ тану үшін, аттарымыздың бас әріптерін атаймыз және сол дыбысқа сын есім сөздерін жалғап өзін сипаттау. Мысалы:Қанат- қайратты, Меруерт- мықты,Сәкен- сыпайы, Талғат-төзімді, Аида- ақылдыт. б.
ІІ. Оқушыларды топтарғабөлу
Аналарымызға сыйлайтын гүл түрлері бойынша топтарға бөлу
"Раушангүл". "Қызғалдақ" "Түймедақ"3. топқа бөлу. 
ІІІ. Ой қозғау - Міне, балалар, бүгіннен бастап отбасындағы әдеп, сыйластық деген тарауды бастаймыз.Отбасын неге мемлекет дейміз? Себебі оның да басшысы бар, оның да белгілі бір құрылымы бар. Жалпы отбасында әке немесе шеше басқарушы болады.Ата- ана басты қамқоршы әрі отбасы мүшелерін біріктіруші болып саналады.
Оқушыларға отбасы туралы слайдтан суреттерді көрсету. -Балалар, суреттерде кімдер бейнеленген? - Олар, бір-біріне кім болып келеді? -Олар немен айналысып жатыр? Оқушылар суреттерде отбасылар бейнеленгенін табады. Сабақтың осы бөлігін мұғалім қорытындылап, суретте отбасы, туралы айтады. 
Кіріспесөз Балалар, байқадыңдар ма, көрсетілген суреттер отбасы, туыс туралы тақырыптар болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы«Отбасы - шағын мемлекет» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын мемлекет. Отбасының басшысы болады.Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысын алайықты шаруасы болады. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқаттыболуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстар мен қарым - қатынаста болады. Отбасы мүшелерінің арасында татулық, бірлік, сыйластық, адалдық, келісім, сүйіспеншілік сияқты жақсы қатынастар болуы керек. Сонда ғана отбасы жарастығы болады. Балалар негізгі тәрбиені отбасында алады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның АтаЗаңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Әрбір отбасы мүшесі қоғамныңмүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар. Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан 1993 жылдан бастап 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніболып аталады. 
IV. Мағынаны тану. Мұғалім оқулықтағы Отбасы-шағын мемлекет тақырыбын 3 топқа бөліп береді. 1-топ (Раушан): 1- бөлім оқып" Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" мақалдың мағынасын ашу2-топ (Қызғалдақ) 2- бөлім. Отбасындағы әке мен шешенің рөлін түсіндіру, 3-топ(Түймедақ) 3-бөлім ,Өзжұр ты, нағашы жұрты деген сөз тіркестерін түсіндіру.
Оқушылар өздеріне берілген мәтін бөлігімен танысып, плакатқа дайын суреттерді пайдаланып, жазбалар, суреттер қосып постер дайындайды. Әр топ өз бөліктері бойынша түсініктерін айтып, постерлерін қорғайды. 
V.Сергіту сәті ."Қызылгүлім-ай"Бейнеүзіндіге билеу 
VI. Отбасы жайлы мақал – мәтелдер, қанатты сөздер. (Тақтаға дайын плакат ілінеді, оқушылар олардың мағыналарын түсіндіреді) 1. Бала – ананың бауыр еті. 2. Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер. 3.Әке асқар тау,
Шеше ағып жатқан бұлақ,
Бала жағадағы құрақ
4. Жақсыларға жақын бол,
Отбасымен тату бол. 5. Отбасы - тәрбиенің басты ұясы. 6. Анаға- құрмет,
Атаға- қызмет
. 7. Анаға қарап қыз өсер, атаға қарап- ұл. .8 .Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына дегенсүйіспеншіліктен басталады. (Н. Назарбаев) VIІ. Сөзжұмбақ шешу О Т Б А С Ы 1. Түсі нарттай, Тілін тартпай, Жолға шықса, Қоймайды құртпай. 2. Мемлекеттік рәміздің бірі. 3. Еңбек құралы. 4. Ең жақын адам. 5. Уақыт өлшемі. 6. Ырыс алды - 
VІІІ. «Қара жәшік ойыны» ойыны Әр топтан 1 оқушыдан шығады. Оқушылардың ашық хаттарымен жұмыс. Шығармашылық жұмыс.
ІХ.Кластер әдісі «Отбасы», «Отбасы жарастығы» сөзіне кластер толтыру. (шағын қоғам, отбасы басшысы, отбасы қоры, мүшелері іс атқарады, туыстар мен қатынас, мекенжайы, татулық, сыйластық, т.б. ) Х. Рефлексия." Бес саусақ" әдісі. Қолының ізінқалдырып, саусақтарына сабақта не ұнағанын, не білгенін, нені үйренгенін жазу, бірнешеуі оқып шығуы.
ХІ. Оқушылардыбағалау Мұғалім дұрыс жауап берген оқушыларға стикер таратып беріп отырады. Сабақсоңындастикерлердіплакатқажапсырады. Мұғалімолардысанапқорытындыбағалайды. Жаңасабақтықорытындылау Отбасы - адамныңшыретіпдүниегекелгенненбастаптәрбиенәріналатынорны. Әрқайсысыларыңотбасыдәстүрлерін, құндылықтарынсақтайбілсеңдер, қоғамныңжақсымүшесі бола аласыңдар. ХІІ. Үйгетапсырма Отбасытуралы эссе жазыпкелу