М??алім мектеп ж?регі ?мтаздар?а арнал?ан тренинг


Мұғалім мектеп жүрегі
Ұжым арасында жақсы қарым қатынас орнату
Мақсаты:
Барысы: Мұғалімдер шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен
 дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім?
«Суреттегі ой» жаттығуы: экраннан суреттер көрсетіледі. Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын ,түсінгендрін айтып ой бөліседі. 
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. Мұғалімдер ойы: Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады. 2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген. Мұғалімдер ойы: Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді. 3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу. Мұғалімдер ойы: Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек. 4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген Мұғалімдер ойы: Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар, ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар! 
«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы
-         Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.
Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдайда да серіктес беделін түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.
Талқылау
-         Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?
-         Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?
-         Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?
«Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр. 1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? 2. сіздің қызығушылығыңыз қандай? 3. сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз? 4. ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 5. өз мамандығыңыз сізге ұнайма? 6. бос уақытыңызда немен айналысасыз? 7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз? 8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді? 9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма? 10. сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз? Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек. Мұғалімдер жауабы: Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз. VI. Әуенді терапия
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген бейнебаян.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (бейнебаян қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына ілесіздр. - бұталарға- мұғалім қандай болу керек? - Жапырақтарға- мұғалімнің түпкі мақсат-мұраты - Гүлдер- мұғалім еңбегінің нәтижесі - Жемістер- шәкірт қандай болу керек? Мұғалімдер ойы: Тренер сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет! Бұғы туралы видеоролик
Жаттығу «Кездескенше»(Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).
-         Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.
-         Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше