Балалар ?дебиетіні? ша?ыра?ына ?ада?ан бір уы?-а?ын С?лтан ?алиев.Етістікті? ша?тары туралы т?сінік.


Пәні: Қазақ тіліСыныбы: 8 Күні: 6.02.2014жТақырып: Балалар әдебиетінің шаңырағына қадаған бір уық-ақын Сұлтан Қалиев.Етістіктің шақтары туралы түсінік. Сабақтың мақсаты:                      Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Сұлтан Қалиев өмірі мен шығармашылығы туралы білім алу.Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру. Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, жан – жақты дамуға адамгершілікке, ізгілікке, ақындар салған жолмен жүруге үйрету, табиғатты сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру, бірлікке баулу. Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын тіл байлығын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту. ІІІ Жаңа сабақ. Слайдта етістік схемасы көрсетіледі. Слайд №7 Шақ дегеніміз не? «Шақ»  дегеніміз – мезгіл, кезең, Бақытты балалық шақ Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді. Өріктің сүйегін шақ. Сөйлеп тұрған сәтіке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Мысалы: Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі. Етістіктің шақтары  есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне –ды,-ді,-ты, - ті және –мақ, - мек, - бақ, -бек, - пақ, - пек жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Етістіктің неше шағы бар екен: Слайд №10 етістіктің шақтары /схема/ 3 шағы Осы шақ – сол сәтте болып жатқан қимыл Келер шақ – әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимыл Өткен шақ – сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимыл Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Енді мақал – мәтелдерді жалғастырып, сол бойынша етістіктің шақтарын ажырат1. Не ексең, соны орасың 2. Еңбек етсең ернбей Тояды қарның тіленбей 3. Іздеген мұратына жетер Жалқаудың өмірі босқа өтер 1. Ақыл көпке жеткізер Өнер көкке жеткізер 2. Білекті бірді жығар Білімді мыңды жығар 3. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады 1.Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле 2. Ұрыс ырысты қашырар Ынтымақ халықты асырар 3. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. 2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдерДәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. 3 - топқа келер шақтағы сөйлемдерМықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты – өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз. Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеуАлып келдіКеле жатырОқыттыКүледіЖылайды Ой – толғаныс Қазақстан: бүгін, кеше, ертең Қазақстан мемлекетінің Халық жазушысы,танымал ақын, балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқан, аудармашы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, “Тарлан” сыйлығының иегері,алғашқы гимннің авторларының бірі Қастек Баянбай[1] 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 — 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған. Ескен Елубаев 1942 жылы ақпан айының 18 жұлдызында Жамбыл облысындағы Отар стансасында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сол жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінде, «Жалын», «Өнер» баспаларында қызмет істеген. Ақынның ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Атам, әжем, ағам Әкем, інім және мен,Анам және енесі,Енесінің бөлесі – отыр едік шай ішіп, Жеңгем кірді майысып.Арқасында – кіші інім.Саны қанша, айта ғой үйдегі бар кісінің?  Сұлтан Қалиев(1943 жылы туған) Сұлтан Қалиев - 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының N961 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967—1973 жылдары Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы. 1973—1991 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлемсаған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степаағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.«Еңбектегі ерлігі үшін» (1970), «ҚР тәу елсіз дігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1997). «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен (2000), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2003) марапатталған.«Балалық шақ досы» — «Друг детства» бірінші ұлттық байқауы-ның жеңімпазы (2007). Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы (2003). [1]