Вне классная работа на тему Тауелсиздик дошкольники


-775335-396240№ 3 Талапкер орта мектебі
Бекітемін: Келісемін:
№3 Талапкер орта мектебінің директордың оқу-тәрбие жұмысы
Директоры: жөніндегі орынбасары:
Абеева С.Х_________ Хамзина Г.А.___________

атты тәрбие сағаты.
-775335267335Даярлық тобы
Өткізген: Мұхамеджанова Д.С.
2016 жыл.
Мерзімі:
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұландары!Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар.Барысы:I. Кіріспе Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қадірлі қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз егеменді Тәуелсіз елімізге арналады.
Әнұран ойналады.

Әр елдің егемендігін ,тәелсіздігін көрсететін нышандары болады .Біздің елдің де нышандары бар.Бүгінгі тәрбие сағатында рәміздерімізді толық танысып , ондағы әр элементтін мән мағынасын ұғынуға тырысамыз.

Абай Әліби -1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.Гүлсаны -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.
Нұрислам -Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. Төлеу Мәди -Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.Ағыбай Диана -Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды.
Аделя -Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.
Темирлан -Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.Еркежан - оқушы:Алтын қанат көмкерген,Шаңырақ бар, уық бар.Әсем бейне сен көрген,Жай бейне емес ұғып ал!

Аңсар
Елтаңбасы елімнің неткен
Әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Нұржан Әли
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрде
Қататты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Амина
Сүйсіндірген өзіңді,Түсіне біл таңбаны.Аңызда ұшқыр, төзімдіПырақ - халық арманы.Алима
Көгілдір түс аясы,Бейбіт дала елесі.Шаңырақ - жұрт панасы,
Батыр
Уықтар - күн сәулесі.Жоғарыда түсер көз,Бес тармақты жұлдызға,Ал, «Қазақстан» деген сөз,Таныс барлық ұл - қызға.Мағыналы, сымбаттыБар осындай белгіміз.Маған, саған қымбаттыЕлтаңбасы ол - елімнің!
Бекжан - жүргізуші:Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі,
Зейнеп -ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Айзере -Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.Диас -Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Тоқмағанбетова Диана - оқушы:Аспан түстес көгілдір,Тік бұрышты матаның,Ортасында төгіп нұр,Күн жаяды шапағын.
Ән «Солдат болам мен ертең» хор ұлдар
Бота : Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.
Дария : Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.Алтынай :Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Дильназ : Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.Нұрбол Қазақстан - туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі.Әнұранымен айбарлы.Мемлекеттік рәміздер жайлы толық мғлұматымыз осындай.Інкәр
Тәуелсіздік көркі ол да,Өркениет өрінде.Нұр төгеді елтаңбаАқ орданың төрінде.Тұғырлы туымыз.

Әлібек
Айнымайды аспаннанБіздің тудың болуыОны халық қашандаБиікке іліп қояды.
Айзия Жанатын да өзі отшаЖалын шарпып бетіңдіТуымыз да қазақшаСөйлеп тұрған секілді.
Мұғалім : Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Б –Білімімді арнайтың
О- отанымды қорғайтың
Л- ланкестікті даттайтың
А- Адалдықты жақтайтың
Ш- шуағымды шашатың
А-Асулардан асатың
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы-ынтымақты тең көрген
М- мен мендікті жек көрген
Қ – қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- Алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С -салтанаты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын жігерін
Н- намысын қолдан бермейтің
Мен боламын еңбек қор
Болашағы елімнің !!!

Еділ : Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Егемендігіміз мәңгілік жасасын!
«Атамекен » әні