Та?ырыбы: Кермек су ж?не одан ??тылу жолдары 9-сынып


Тақырыбы: Кермек су және оның жою жолдары. Үй тапсырмасын пысықтау. 1. Са атомының электрондық құрылысы?2. Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы?3. Са физикалық қасиеттері?4. Са химиялық қасиеттері?5. Алынуы. 6. Кальцийдің қосылыстары. Жұмбақ жасыру:Бірі жанып, бірі қолдап жануды,2 элемент бізге бұрын танылдыӨрт болып еді сөндіруге көп адамҚосылысын алып соған қарай ағылды Жұмбақтың жауабы:Н2ОСу Тәжірибе №1Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Нені байқадыңдар? Қорытынды: Су сұйық Тәжірибе № 2Суды пішіндері әр түрлі ыдыстарға құйып көріңдер. Нені байқадыңдар? Қорытынды: судың пішіні жоқ. Тәжірибе № 3 Шыны стақанға су құйып, оған әр түрлі заттарды салып көреміз. Нені байқадыңдар? Қорытынды: су мөлдір. Тәжірибе № 4 Түрлі- түсті қағаз жолақтарын суға салыңдар. Нені байқадыңдар? Қорытынды: судың түсі жоқ. Тәжірибе № 5 Судың дәмін көріңдер. Нені байқадыңдар?
Қорытынды: судың дәмі жоқ. Тәжірибе № 6 Стақандағы сұйықтықтың иісін желпіп көреміз. Нені байқадыңдар? Қорытынды: судың иісі жоқ. Тәжірибе № 7 Үш ыдысқа су құйылған. 1-ыдысқа қант, 2-ыдысқа спирт, 3-ыдысқа тұз салып былғаңдар.Нені байқадыңдар? Қорытынды: су еріткіш. Тәжірибе № 8 Колбадағы суды спирт шамымен қыздырып көріңдер. Содан қар немесе мұзға салыңдар. Нені байқадыңдар? Қорытынды: суытқанда көлемі кішірейіп, 0 градуста қатады. Қыздырғанда көлемі ұлғайады, 100 градуста қайнайды. Ой жинақтау сұрағы: Табиғаттағы барлық су адамзаттың пайдалануына жарамды ма? Жаңа сабақ: Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальцйи және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғи суда еріген гипс, магний гидрокобонаты, кальций гидрокорбонаты суға кермектік қасиет береді. Кермек суда сабын нашар көпіреді. Себебі, судағы кальций және магний иондары сабынның құрамындағы органикалық қышқылдың қалдығымен ерімейтін тұз түзеді. Сондықтан кермек суда кір жуғанда сабынның бір бөлігі кальций және магний иондарын тұнбаға түсіруге жұмсалады. Кермек судың басқа да зияны бар. өнеркәсіпте суды көп мөлшерде қайнататын бу қазандарында қақ тұрып, отын артық шығындалады. Кермек су дәрі- дәрмек әзірлеуге жарамайды, матаны бояуға кедергі жасайды. Кермек суда тағам нашар піседі, себебі Са 2+ катиондары тағамдағы белоктармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Мұндай суда шай және кофе нашар шығады. Кермек суды көп пайдаланудан адамның асқазаны ауырып, организмге тұз жиналуы мүмкін. Оқушыларға сұрақ: Адамның қай мүшелерінде тұз жиналуы мүмкін? Құрамында Ca2+, Mg 2+ иондары бар су кермек су деп аталады. Жою жолдары:Қайнату арқылы: Са(НСО3)2=Уақытша кермектік аталуының себебі де қыздыруға тұрақсыз болуынан. Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмсарту үшін әк сүтін пайдаланады: Са(НСО3)2+Са (ОН)2= Тұрақты кермектікті химиялық әдіспен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен: СаSO4+Na2CO3 = Суды еріген тұздан толықтай тазарту үшін қандай әдіс қолданылады? Мысалы, дәрі жасау үшін таза су керек. Тәжірибе: 1-ші ыдыста құдықтың суы.2-ші ыдыста тазартылған ауыз су (скважина) 3- ші ыдыста ерітілген қар суы. Сұрақ: Қай суда сабын жақсы ериді? Себебі?
Есеп:45 г суда ерітілген 5 г ас тұзы ерітіндісіндегі натрий хлоридінің массалық үлесі қандай? Қорытынды. Бекіту сұрақтары: 1. Тұрмыста (шаш, киімнің өңі)2. Ыдыста қақ тұру(отын шығыны)3. Құбырлардың таттануы (тез істен шығуы)4. Жылу қазандықтарында, т.б5.Су кермектігінің түрлері (уақытша және тұрақты)6. Жою әдістері (уақытша кермектігі бар суды қыздыру, тұрақты кермектілігі бар суға сода ерітіндісін құю)7. Кермек суды неге машина двигателіне құюға болмайды?8. Медицинада қандай су пайдаланылады?9. Мұхит суын ауыл шаруашылығында қолдануға бола ма? 10. Кермектіктің судың зияны. (әр түрлі буын аурулары, бүйрек бауырға тас түзіл, суды қорғаудың қажеттілігі туралы, суды үнемді пайдалану туралы) Үйге тапсырма: оқулықтан 37 тақырыпты оқу, 125 беттегі сұрақтарға жауап беру.  Есеп: 150г суда 15г NaCI ерітілді. Ерітіндегі еріген заттың массалық үлесін есепте. Химиялық диктант Кальций сульфидіКальций оксиді Кальций гидроксиді Кальций карбонаты Кальций гидрокорбонаты Өзіңді тексер1. CaS2. CaO3. Ca(OH)24. CaCO35. Ca(HCO3)2 Рефлексия Назарларыңызға рахмет!