М?тінді есептерді квадрат те?деу ар?ылы шы?ару 8-сынып алгебра


Үй тапсырмасын тексеру Өтілген сабаққа байланыты қайталау сұрақтары 5. ax2+bx+c=0 теңдеуінің түбірі болмайды,егер…1. Квадрат теңдеу дегеніміз ?2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер болады 3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер? 4.Биквадрат теңдеу дегеніміз? Берілген жауаптарды қолданып, сөйлемді аяқта.1. ax2+bx+c=0 теңдеу квадрат теңдеу деп аталады,егер…2. Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады,егер…3. ax2+bx+c=0 теңдеуінің екі түбірі болады,егер…4. ax2+bx+c=0 теңдеуінің бір түбірі болады,егер…




Сабақтың тақырыбы:Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шығару Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шығару үшін мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:1.Есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын білу қажет; 2.Бастапқы шаманы әріппен белгілеу;3.Теңдеу құру; 4.Құрылған теңдеудің түбірлерін табу;5.Табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағатттандыратынын тексеру. 1-мысал. Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, екінші бөлмені ұзындығы 7,2м. Егер пәтердің ауданы 56,7м2 болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.Есептің шешімі тек 4,2 саны болады, себебі бөлменің ені әр уақытта оң сан.Шешуі: Бөлменің енін х м арқылы белгілейік. Сонда бірінші бөлменің ұзындығы 1,5х м, ал ауданы 1,5х·х м2 береді.Есептің шарты бойынша1,5х2+7,2х=56,7немесе3х2+14,4х-113,4=0.Квадрат теңдеуді шешіп, х1=4,2 және х2=-9 түбірлерін аламыз. Жауабы: 4,2м



2-мысалы: Екі жұмысшы қандай да бір жұмысты 16 күнде орындауы керек. Бірге атқарған төрт күндік жұмыстан кейін бірінші жұмысшы басқа жұмысқа ауысты. Екінші жұмысшы қалған жұмысты берілген мерзімінде аяқтады. Бұл бірінші жұмысшының барлық жұмысты орындауға жіберетін күнінен 12 күнге артық. Әрбір жұмысшы жұмысты жеке орындаса неше күнде бітіреді? Оқулықпен жұмыс№202
Оқулықпен жұмыс№203
Тест тапсырмалары.Квадрат теңдеу арқылы шығарылатын есептер.1.Екі санның қосындысының мәні 15, ал көбейтіндісінің мәні 54.Осы сандарды тап.А.-6;-9; В.3;18; С.-3;-18; Д.6;9.2.Тізбектей алынған екі натурал санның квадраттарының қосындысы 1513-ке тең.Осы екі санның қосындысын тап.А.55; В.53; С.-55; Д.54.3.Екі санның айырымының мәні 7-ге тең, ал көбейтіндісінің мәні 60 тең.Осы сандарды тап.А.2,9; В.5;12; С.-3;-10; Д.6;13. Үй жұмысы№203 2-сі, № 206