Презентация по самопознанию на тему Жа?сылы? жасай білейік (4 класс)


Тақырыбы:“Жақсылық жасай білейік” Құндылық: Ақиқат.Қасиеттер: Адалдық,сүйіспеншілік, жақсылық жасау Қазіргі сабақСабақтың тақырыбы:Мақсаты: 1. Білімділік:1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру).2.Пән бойынша білім- білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.3.Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.2.Тәрбиелік:1.Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық, патриотизм, ұлттық келісім ұғындарын дұрыс қабылдау.2. Еңбек тәрбиесі (табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге,әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу).3. Дамытушылық:1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау,салыстыра білу қабілеттеріндамыту, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, клкссификациалау).2. жалпы қабілетті дамыту(әдебиеттер мен көрнекіліктерді қолдану).3. Еріктілікті дамыту (қабілеттілік пен белсенділік,танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу).4. Танымдық қызығушылықты дамыту. (қызығушылық стимулы, жаңашылдық ,ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу).5. Сезімді дамыту. Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу; Оқушыларды 5Т ережесі бойынша: тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулыққа шақыру. Адам ата ұрпағын не үшін сынады? Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар? “Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың”деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №16 сабақ. “Жақсылық пен жамандық” ертегісін оқып, талдау. * * “Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе” Ы.Алтынсарин Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Жақсылықты риясыз жасау дегеніміз не деп ойлайсыңдар?Жақсылықты риясыз жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер қалыптасады? Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді. В.А.Сухомлинский “Нағыз адам” Сусыз далада құдық бар.Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен немересі тұрады.Құдық басында ұзын арқанға байланған қауға тұр. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады, қана жатып атайға алғыс айтады.Бір күні арқан тозып үзілді де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай бірнеше күн су ішеді.Екеуі әбден қалжырады.Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан астында жатқан шелекті көрді. Жолаушы әуелде құдыққа, сосын немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті. -Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі. -Бұл адам емес , - деп жауап берді атасы. Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап су тартты. Атай мен немересін суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті. -Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі. -Бұл адам емес , - деп жауап берді атасы. Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелеқ пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдық басына қалдырды. -Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі. -Бұл – нағыз адам , - деп жауап берді атасы. Сұрақтар 2.Олар қандай жағдайға тап болды? 3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен нені аңғардыңдар? 4.Үшінші жолаушыны қандай адам деп айтуға болады? Неге? 1.Атасы мен немересі қайда тұрушы еді? 5.Жақсылық жасаудың қандай маңызы бар? Шығармашылық жұмыс Мейірімді , қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын жан сұлулығын көрсетеді.Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі. ҮІ. Топпен ән айту. “Бала тілегі” Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Жолдасова Бал -балалық балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел , достарым , әндетіңдер, билеңдер Гүлденсін деп атамекен қара орман.} 2 рет Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жердің түрлендірер нәріміз.Алтын бесік - ұлан – байтақ елімде Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. } 2 рет Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көркейсін,Ұлы Отаным,тілегім сол менің де . } 2 рет  ҮІІ. Үйге тапсырма:№17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты әңгімесін үйден оқып келу, дәптердегі тапсырманы орындау. ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Жақынды ,досты аяла,Қанатың сонда талмайды.Барыңды жұрттан аяма,Жақсылық жерде қалмайды.Жайдары жүзбен жарқыра,Қатыгез болсаң-сол қайғы.Қайырымды бол халқыңа,Жақсылық жерде қалмайды.