Презентация урока физики с самопознанием


№42 Хамза атындағы жалпы орта мектебіТақырып: «Кинетикалық энергияның өзгерісі денеге әсер етуші күш пен оның атқарушы жұмысына байланысты» жалпы адамзаттық құндылық ақиқатты анықтау Орындағандар: Касымова Жұпаркул Абдрахманқызы физика пәнінің мұғалімі Нурсадыкова Бибигуль Абилдақызы өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Шымкент қаласы 2015ж Мектеп: № 42 Хамза атындағы жалпы орта мектеп Мерзім: 23.11.15ж Сынып 9 «В» Оқушы саны 18Тақырып: «Кинетикалық энергияның өзгерісі денеге әсер етуші күш пен оның атқарушы жұмысына байланысты» жалпыадамзаттық құндылық ақиқатты анықтау.Құндылық: Ақиқат Қасиеттер : Ойдың,сөздің, істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру,өз – өзіне адал болу,шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу. Сабақтың мақсаты:Ақиқат құндылығының маңызын ұғындыру. РесурстарИнтерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптер,маркер ,ватман үнтаспаБілімділік :Дамытушылық:Тәрбиелік: - кинетикалық энергияның өзгерісін күшпен жұмысты байланыстыра отырып ақиқатты анықтауға, барлығынан жақсылық көруді дамыту.- оқушылардың тиянақты терең білім алуын қалыптастыру, ойдың,сөздің, істің бірлігі адам өміріндегі мәнін ашу. - өз – өзіне адал болуын дамыту; отаншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Дағды мен шеберлікті игеруде жаңа сабақты меңгеру.Пән аралық байланыс өзін-өзі тану пәнімен интеграц-иялауСабақтапайдаланатын әдіс тәсілдер,жеке дара,топтық жұмыстар.Сабақтың түріСабақта пайдаланатын көрнекі құралдар.Сызба нұсқалар,Венн диаграмасы,слайдтар стикер. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінедіI топ- «Алғырлар» тобы.II топ- «Тапқырлар» тобы. Сабақтың барысы:«Т» ұстанымын еске түсіру 1.Тәртіп 2. Талап 3. Тыныштық 4. Тазалық 5. Татулық Ескерту: 5 «Т»-ны сақтау керектігін еске түсіру.  «Хрустальная грусть» үнтаспа Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.- Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді эмоцияңыз бен тілек-қалауылыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшие түсуде оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғалымның барлық түпкір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұр ішіндемін… Нұр менің ішімде… Мен нұрмын…” Осындай нұр, Махаббат және Тыныштық тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2. Үй тапсырмасы: -Реактивті қозғалысы дегеніміз не -? -Дене импульсі деп қандай шаманы айтамыз-? -Күш импульсі деп қандай шаманы айтамыз-? Осы сұрақтарға дәл тұжырымды ережелерін айту. 3.Дәйексөз «Фаллес» физик ,философ айтқан.Дүнйедегі ең үлкен нәрсе-Кеңістік,Бәрінен жүйрік –ой, Бәрінен дана уақыт,Бәрінен жеңілі –басқаға ақыл айту.Бәрінен қиыны-өзіңді –өзің тану !!!.Дәйексөзді дәптерге жазу.Дәйексөзді бірнеше рет қайталап оқу.Осы айтылған нақыл сөзге,тұжырымдама беру. 4. Аңыз әңгіме . (мұғалім сыйы)Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке тапсырма береді. Гиерон патшаға зергерлер тәж жасайды,сол тәж алтынан немесе алтынан еместігін дәлелдеу керек.Архимед соны анықтау үшін неше күн- түн ойланады.Патшаға жауап айтар күнде жақындады,алАрхимед болса себебін таппай қиналады. Хан сарайына баруға дайындалар алдын ваннаға су толдырадыда суға түседі, ванадағы су тасып сыртқа төгіледі.Осы әрекетін 2-3 рет қайталайды.Қуанғаны соншалықты патшаның сарайына жартылай киінер киімбес жүгіре жөнеледі.Архимед патша алдына келіп мен таптым, тәждің таза алтынан жасалмағанын дәлелдеп береді. Шелекке жартысына дейін су құйып тәжді соның ішіне салады тәждің тығыздығына,көлеміне байланысты Архимед күшінің формуласы табылды. 1.Аңыз әңгімедегі құндылықты анықтау-?2.Архимедің өміріне қысқаша мәлімет беру-?3.Оқиғадан алған әсерің-?4.Өз тәжирбелерінен мысал айту-? Жаңа сабақты меңгеруЕсептер еліне саяхатОйлан тапАдасқан формулалар Күй дегеніміз –дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.Механикалық күйде сипаттайтын шамалар:Материялық нүктенің координаттары.Берілген уақыт мезетіндегі жылдамдығы. Механикалық энергияПотенциялдық энергияКинетикалық энергия Механникалық энергияПотенциялдық энергия. денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болады.Кинетикалық энергия.Қозғалыстағы дененің энергисыЖұмыс істелінеді .Джольмен өлшенеді.Скалярлық шама I-топ «Алғырлар» 1-есеп шығаруМассасы 1000т,жылдамдығы 54км /сағ пойыздың кинетикалық энергиясын есептеңдер. 2-есеп . 7м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 500г доптың жер бетінен 5м биіктіктегі потенциялдық энергиясын есептеңдер. II-Тапқырлар тобы1-есеп «Адасқан формулалар»mEһ =gE= mv2/2E=kх2/22-есеп.Жер бетінен 100км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалып жүрген,массасы1300кг.Жердің жасанды серігінің кинетикалық энергиясын есептеп шығарыңдар. «Білім шыңы».Венн диаграммасын толтыру Механикалық энергияКинетикалық Потенциялдық Топпен ән айту. МамаАманғали Спабековтың әні 1.Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,Бір адам бар ол өзіңсің ана.Мейірімге бір өзіңнен ғана,Жылуды да жүрегіңнен алам,Ардақты ана, аяулы мама қ-сыСуық күнде тоңбады ма деп, Әлде жолы болмады ма деп,Жалғыссырап қалмады ма деп, Мені ойлап қам жемеші мамаСаған тартқан менің күлгенім,Сенің арқаң шалқып жүргенім,Қасыңдамын, әркез біргемінМені ойлап қам жемеші мама 2 рет 2.Сен қуансаң мен бірге қуанам, Саған ғана сенемін, жұбанамАспандағы ай-күнімсің мағанБаға жетпес байлығымсың мамаАрдақты анам, аяулы мама қ-сыСуық күнде тоңбады ма деп, Әлде жолы болмады ма деп,Жалғыссырап қалмады ма деп, Мені ойлап қам жемеші мамаСаған тартқан менің күлгенім,Сенің арқаң шалқып жүргенім,Қасыңдамын, әркез біргемінМені ойлап қам жемеші мама 2 рет {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}7. Үй тапсырмасы:1. 22-23 19 –жаттығу №4 есеп 2. 80 бет. Кестені толтыру.8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат бар жерде.Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат бүкіл әлемде.Рахмет! Қортынды 1.Оқушылар интеграциялау сабағында жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашып,ақиқат құндылығын анықтап,меңгере білді.2.Оқушылар механикалық энергия жөнінде алған білімдерін тиянақтады.3.Энергия күнделікті қажеттілігін түсінді.4.Энергияның түрлерін меңгерді.5.Білім шыңына бірінші шыққан топ анықталды. Пайдаланған әдебиеттер: Физика оқулығы -9 сынып.Физика пәнінің жұмыс дәптері- 9 сыныпМұғалімге арналған физика пәнінің әдістемелік құрал 9 сынып.Алматы. «Мектеп», 2005 «Өзін-өзі тану» жұмыс дәптері. 9-сынып.Алматы. «Бөбек», 2010«Өзін-өзі тану» әдістемелік нұсқаулық құралы. Алматы. 2015.ozin-ozi tanu. kz сайты.