Презентация по казахскому языку на тему Ас-адамны? ар?ауы (8-класс)


Қарашаның жиырмасыСынып жұмысыАс- адамның арқауы Ас- адамның арқауы «Ас – адамның арқауы» деген қазақта мақал бар. Бұл өте құнды мақал. Өйткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды. Таңертеңгі, түскі, кешкі асты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы. Тамақ ішер алдында қолды сабындап жуып, таза орамалмен сүрткен дұрыс. Жас көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуу керек, сонан соң ғана жеуге болады. Көкөністер мен жемістерді көп жеген адамның денсаулығы жақсарады. Топтық жұмыс. «Ас-адамның арқауы» мәтіні бойынша “Ыстық доп” әдісін қолданып, топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Топтық жұмыс. “Қарлы кесек” әдісі бойынша «Ас-адамның арқауы» тақырыбына шағын мәтін құрастыру. Келесі жеке жұмыс.Дәптерлеріңе мәтінде кездескен екі етістікке есімшенің жұрнақтарын жалғап, жұптасып бір-біріңді тексеріңдер. Берілген мәтінді аяқтап, ат қойыңдар. Адам ағзасына зиян тағамдарға фаст-фуд жатады. Фасфудтың түрлері өте көп. Атап айтсақ, бұл – біз сүйіп жейтін фри картобы, ход-дог, пицца, чипcы, кептірілген тұзды нандар. Бір қызығы, үлкеніміз де, кішіміз де оны сүйсіне жейміз. Бағалау критерийлері 14 -13 ұпай - «5» 12 - 9 ұпай - «4» 8 – 5 ұпай - «3» 4 – 1 ұпай - «2» Жеке жұмыс.ТЕСТІК ТАПСЫРМА ОРЫНДАУ. «Ең мықты аспаз» өздерін жақсы көретін тағамның рецепін жазыңдар.