урок по казахскому языку на тему: Арал


Арал теңізі Сабақтың мақсаты:1 білімділік: тақырып бойынша сөйлей білу; сөздік қорларын молайтып, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;2 дамытушылық: әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ойын дамыту үшін өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру; берілген тапсырмаларды өз беттерінше орындауға дағдыландыру 3 тәрбиелік: табиғатқа байланысты айтылған мақал-мәтелдер, тыйым сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, балаларды туған жердің табиғатын қорғауға, Отанын сүюге баулу. Оқушы нені білуі тиіс:берілген сөйлемдерге сұрақ қоюжаңа сөздерді түсіндіруОқушы нені үйренуі қажет:берілген тақырып бойынша сөйлесумәтіндегі негізгі ойды анықтаутірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құру Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Жаңа сөздермен жұмыс.Текше шақырым –Су айдыны –Сүзек –Шегініп кеткен –Теңіз табаны –Жұқпалы –Түйткіл –Қасірет – Экологическая проблема, экологическая катастрофа, экологический кризис, воздушный бассейн, мировой экологический кризис, соленый дождь. Арал теңізінің мәселесі:1.Теңіз суы жағадан кейін қарай ондаған шақырымға шегініп, теңіз табаның көптеген жері сусыз қалған.2. Жергілікті халықтың арасында қатерлі ісік, сүзек сияқты түрлі жұқпалы аурулар таралуда.3. Теңіз табанынан ұшқан аса қауіпті тұзды шаңдарды жел Атлант мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткізгені байқалған. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіләлемдік мәселеге айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Президенттері бірнеше рет кездесті.Мемлекет басшылары шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды Тыйым сөздер: Суды бекер төкпе! Судың да сұрауы бар!Қарлығаштың ұясын бұзба!Шөпті жұлмайды, аққуды атпайды.Жерді теппе, елді сөкпе!Құс жұмыртқасын жарма!Табиғатты адам өмірін сақтағандай сақтауымыз керек Үйге тапсырма: Тыйым сөздерді жаттап алу