Презентация по информатике Информатика ?леміне саяхат 7 класс


ИНФОРМАТИКА ПӘНІ Информатика әлеміне саяхат.Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес . Топ бойынша жұмыс. Сабақтың әдісі: Информатикалық сайыс. Көрнекіліктер:1. Кеменің жүзу маршрутының картасы.2. Нақыл сөз жазылған плакат.3. Кемелердің суреті.4. Карточкалар.5. Дербес компьютер. 6. ASCII кодының кестесі. “Адамға-адамдық істі, ал есептеу машинасына - машиналық істі беру керек ” Н. Винер. Сабақтың барысы: Оқушыларды 2 топқа бөлу: Принтер және Сканер тобы. Оқушыларды 2 кемеге отырғызып, әр бөлім шарттары бойынша мұхитпен жүзе отырып сайысу. Кеменің жүзу маршруты: I. “ Қиын сұрақтар” аралы. Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинау арқылы алға жылжиды.1. Сурет салуға арналған бағдарлама?2. “Компьютердің миы” деп нені айтады?3. Компьютер жанындағы өсімдік?4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша?5. Ақпаратты шығару құрылғысы?6. Ақпаратты енгізу құрылғысы?7. Дискілерді оқу құрылғысы? 8. Дыбыс жазу құрылғысы? 9. Ақпараттың өлшем бірлігі?10.Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама?11.Word қандай редактор?12. Алғашқы есептеу құрылғысы?13. Информатика қандай ғылым?14. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы?15. Екілік жүйенің сандары?16. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? 17. Төңкерілген маус?18. Тышқанның негізгі батырмасы?19. Ең ұзын перне? 20. Принтердің неше түрі бар? Түрлерін ата.II.“ Жұмбақтар” аралы. Бұл аралда оқушылар жұмбақтарды шешіп, алға жылжуы керек.1.Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі II.“ Жұмбақтар” аралы. Бұл аралда оқушылар жұмбақтарды шешіп, алға жылжуы керек.1.Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі Бір күн бар да, бір күн жоқ. Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз екі.2. Пернетақта ауылында тұратын, Пернелік деген атаның Бар екен 12 ағайынды, Немерелері алғашқы. Есімдері де өздерінің бір қызық, Тек қана F әрпінен басталады. Бір күн бар да, бір күн жоқ. Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз екі.2. Пернетақта ауылында тұратын, Пернелік деген атаның Бар екен 12 ағайынды, Немерелері алғашқы. Есімдері де өздерінің бір қызық, Тек қана F әрпінен басталады. 3. Экранның бетінде оның тұрағы, Қашан болсын жыпылықтап тұрады. 4. Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек.5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. Ойланып, білгіш болсаң жауап берші, Қалай деп аталады аты оның.6. Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды. 7. Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені. 8. Ақпаратты қағазға шығарады, Бұл құрылғы қалай деп аталады? 9. Биологияда бұл паразит, Көзге зорға көрінер. Информатикада өлшем бірлік, Ақпараттарды өлшер. 10. Егер білсең айта қойшы, Бұл қандай құрылғы. Ақпаратты қағаздағы, Компьютерге енгізеді.III. “Көркем сурет” аралы. Бұл аралда оқушылар компьютерде Paint графикалық редакторында тапсырма орындайды . 1 – кемеге: Теңіз пейзажы. 2 – кемеге: Теңіздегі желкен. IV. “Сиқырлы пернелер”аралы. Бұл аралда оқушылар пернелер белгісі жазылған карточка алып, оның атқаратын қызметі туралы айтып береді.BACKSPACEDELETECAPS LOCKNUM LOCK SHIFTESCENTERF1-F12Ең ұзын пернеALT+SHIFT V. “Ғажайып қаламсап” аралы. Бұл аралда оқушылар осы өтіп жатқан тақырыпта 4 жол өлең шығарып жазады. Әр топқа берілген тапсырма мынадай қаріппен терілуі керек: 1-кемеге: 16 қаріп, Times New Roman. 2-кемеге: 18 қаріп, Tahoma. 1.Үлкен су алабы, 2.Теңіздің толқыны, Суы мол болады. Көз жауын алады. Жүзеді онда қайықпен, Қанша бір адамдар, Толқындар оны қуады. Зерттеп табады. VIII. Үйге тапсырма. Өткен тақырыпты қайталау, Word Pad, Paint тақырыбына сөзжұмбақ құрып келу.