Презентация Т?ра?ты тіркес 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Фразеологиялық сөздік.Фразеологизмдер-дің емлесі Сабақтың мақсаты : білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктерін,емлесін таныту арқылы жаттығу жұмыстарын орындату;дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;тәрбиелік:Дұрыс сөйлеуге, ұқыптылыққы, зейінділікке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу Сөздіктің түрлері ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК — тілдегі сан алуан тұрақты тіркестерді жинап, мағыналық жағынан бір жүйеге түсіретін лексикологиялық еңбек. Фразеологиялық сөздіктің басқа (түсіндірме, терминологиялық, диалектологиялық, аударма, арнаулы, т.б.) сөздіктерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде алғаш рет 11 мыңға жуық фразеологиялық тіркесті қамтитын Фразеологиялық сөздік 1977 ж. акададемик Қ.Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген. Сөздікке қазақ халқының сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін бейнелейтін образды тұрақты тіркестер, жазба әдебиет шығармаларында кездесетін өрнекті сөз орамдары, сондай-ақ ауызекі тілде және мерзімді баспасөз беттерінде кездесетін тиянақты тіркестер тобы енгізілген. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Сөздікте кездесетін алғыс, қарғыс мәнді, діни мағыналы фразеологизмдерге диалектілік тіркестерге стильдік белгілер қойылады. Фразеологиялық сөздікте тұрақты тіркестердің варианттары мен мағыналас фразеологизмдер арнайы айырым белгімен ерекшеленген. Етістікке бітетін фразеологизм ауызекі тілде, көркем шығармада қалай аталса, өзгеріссіз солай берілген. Етістік тұйық формада емес, көбінесе ашық райда берілген. Мысалы, Жүрегі тас төбесіне шықты. Жүрегі (зәресі) ұшты (шошынды), зәресі кетті. Қатты үрейлену, шошып кетті, қорықты. Менің жүрегім тас төбеме шықты, қалтырап кеттім. (Б.М.) Оқ жыландай ирелеңдеп, жайдың оғы басталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын бас салды. (С.М.) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен басқа 1988 ж. 2300 фразеологиялық тіркесті қамтитын “Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік”, 2002 ж. “Мағыналас фразеологизмдер сөздігі” жарық көрді. Сөздікте жалпы ұғымның әр түрлі түсініктері нақтыланатын 3 мыңға жуық мысал бар. Фразеологимдердің емлесі 1.Фразеологизмнің құрамындағы сөздерді жеке-жеке сөз табына талдауға болмайды.Мысалы:үш ұйықтаса түсіне кірмеу-үш-сан есім, ұйықтаса-етістік ...-қайтпеу-баяндауыш2.Оның құрамындағы сөздерді басқа сөзбен ауыстыруға болмайды.Мысалы: ит өлген жер-мысық өлген жер3.Тұрақты тіркестер сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бір ғана сөйлем мүшесі болады.Мысалы: Асыл ағасының алдында құрдай жорғалайды.-қайтті?-баяндауыш Тапсырма1.Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем ойлап жаз.Қабырғаңмен кеңес, қой аузынан шөп алмас, жігері құм болды, жүрек жалғап алу, төбе шашы тік тұрды Тапсырма2.Тұрақты сөз тіркестерін көшір де ,тұсына мағынасын жазыңдар.{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Тұрақты тіркесМағынасы Арасынан қыл өтпейтінБармағын шайнауИт арқасы қияндаЕкі езуі екі құлағындаЖұлдызы қарсы «Сөз құраймыз» ойыны«Тұрақты тіркес » деген тіркестегі дыбыстарды пайдаланып, сөз құраңдар.