Т?зім мен табандылы? та?ырыбында ?ткізілген ашы? саба??а презентация (4 сынып)


Ақпанның жиырма жетісіТөзім мен табандылық Табандылық кез келген кедергіні жеңеді. Леонардо до Винчи
Мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.Шаттық шеңберіАшу мен сабыр

Мәтінмен жұмысҚұмырысқаға сабақ болды. Үш құмырысқа бірлесіп, шөп-шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты. Бір кезде: - Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырмасам болмас, - дейді қызыл құмырысқа. - Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, - дейді көк құмырысқа. Бетінен қайтпаған қызыл құмырысқа көк құмырысқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ іздеп, кетіп қалды. Көк құмырысқа мен жасыл құмырысқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды. Қызыл құмырысқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады. Көк құмырысқа мен жасыл құмырысқа бұлақты тазалап болып, мөп-мөлдір салқын су ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырысқа келді. Достарынан ұялып, беті қызарған қызыл құмырысқа қайта-қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырысқа не істесе де «табандылықпен аяқтармын-ау!» деп өзіне-өзі серт етті.
Жағдаяттарды талдау1-жағдаят: Төртінші сынып оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.Барлық сабақты оқып болмайынша, ешнәрсеге алаңдамаймын.Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін. Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды. 2- жағдаят: Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осығанарнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да орындағысы келмейқалады. Үй шаруасына көмектесуге ынталанбайды. Ән салып, би билеуге дебар күшін сала қойған жоқ. Жаттығу – ойлану Шынар мен Шырын сырмаққа ою оймақ болды. Шынар шыдамсызданып, барлық қағазды үлгі сызып алмай-ақ қия бастайды. Ақырында бір-біріне сәйкес келмейтін ұсақ қиықтар шықты. Одан ешқандай ою құрай алмады. Ал сабырлы Шырын алдымен ойланып, шамалап, шаршылап, бүктеп үлгі сызып алды. Содан соң барып қана қолына қайшы алып, үлгі бойынша қия бастады. Ою өрнектерінің нақышы бір-біріне сәйкес келіп, әдемі болып шықты. Одан артық қиық та қалмады. Бұған таңданған Шынар: Шырын, сен ою оюды қайдан үйрендің? Мені әжем үйретті. Сен қалай тез үйреніп алдың? Оп-оңай. Әжем сиқырлы сөз жаттатқан,-деп жауап берді.«Жеті рет өлшеп, бір-ақ рет кес».
Дәптермен жұмысҚайта-қайта(аңыз) Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы: - Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын, деп бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, кітапты қайта–қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді. Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі. Мақсатына жетеді Т Т Ө А З Б І А М Н Д Ы Л Ы ҚӨзін-өзі меңгереді Бастаған ісін аяқтайдыӨзіне талап қоя біледіСабыр сақтайдыҰстамды бола біледі