Презентация: Физикалы? теория.Физикалы? шамалар.(7 класс)


Физикалық теория.Физикалық шамалар. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады. Физиканың 4 іргелі теориялары:Классикалық механика теориясы;Термодинамика және молекулалық физика теориясы;Электродинамика теориясы;Кванттық механика теориясы. Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады. Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру. Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады. Аспап шкаласындағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.