Шебер ?олдар ?йірмесі, 2 сынып. Саба?ты? та?ырыбы Монша?тан алма то?у


Сабақтың тақырыбы: Моншақтан алма тоқу Сабақтың мақсаты: Білімділік: алма туралы мағлұматтар беру,моншақ түрлерінен алма тоқуды үйрету, бұйымды сәндеу, әшекейлеу арқылы оқушылардың танымын кеңейту; Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қолөнер жұмысына машықтандыру; Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, төзімділікке, жауапкершілікке, жасаған жұмысты әсем безендіруге, табиғатқа деген сұлулық сезімдерін оятуға және үнемділікке баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдіс – тәсілдері: СТО, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс Пәнаралық байланыс: бейнелеу, биология,қазақ әдебиеті,тарихКөрнекіліктер: моншақтан тоқылған жеміс-жидектер,суреттерКеректі құрал-жабдықтар: моншақ, қайшы,лескі Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі -Сабағымды жұмбақпен ашқым келіп түр Жұмбақ: “Әрі қызыл, әрі тәтті, Жеген жанды таңырқатты.” - Ол қандай жеміс? /Алма/ /Қыздарды екі топқа бөлу/Мұғалімнің сөзі:Дәмі аузыңнан кетпейді,Қызыл алма шырын боп.Көктей тісің өтпейді,Піскен кезде үзіп ал.Қыздарға “Қызыл алма” ұсынамын /Сіздердің топтарыңыз қалай аталады деп ойлайсыздар?Жауабы: ” Қызыл алма” Мұғалімнің сөзі келесі топқа:Мен- алмамын,алмамынТаңдай татар бал дәмімМына тәтті бал-дәмдіСендерге мен арнадымҚыздарға “Сары алма” ұсынамын /Сіздердің топтарыңыз қалай аталады деп ойлайсыздар? Жауабы: ” Сары алма” - Бүгін біз сабағымызды қандай тақырыпта өтеміз деп ойлайсыздар ?Қыздардың жауабы: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы“Алма”-Иә дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Моншақтан алма тоқу” Тақырыбы: Моншақтан шие тоқу Сабақтың мақсаты Нені үйренуіміз керек? 1.Алма туралы мағлұмат беру.2.Алманы моншақпен тоқып үйрену.3.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрену. 1.Моншақпен алма тоқып үйрену.1.Тоқылған алманы сәндеп, әшекейлеуді үйрену. Не үйрендік? Олай болса, алдымен алма тарихына тоқталайықшы:Алма жегенді ұнатамыз, алмадан жасалған тәтті бәліштер мен дәмді шырындарды пайдалануды да жақсы білеміз, бірақ оның тарихы мен зиянды, пайдалы тұстарын білуге құштарлық таныта бермейміз. Өзіңіздің сүйікті жемісіңіз туралы мәліметтерді біле жүріңіз.Ең алғашқы алмалардың пайда болған ауылы бізден алыс емес. Алманың отаны – Орталық Азия. Кейіннен алмалар осы мекеннен Египетке және Палестинаға жеткізіледі. Біршама уақыт өткен соң Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада пайда бола бастайды.Алғашқы пайда болған алмалар жабайы болса, бүгінде алманың жазғы, қысқы, күзгі сорттары сынды көптеген түрлері бар.  «Алмалардың атасы», "Алмалардың патшасы" Алматы апорты еліміздің мақтанышы, жер жәннаты - Жетісудың төл жемісі, оңтүстік астанамыздың Алматы символы. Оның тостағандай көлеміне, көздің жауын алатындай қызылды-жасылды түріне, тілді үйіретін ерекше дәміне, жансарайыңды ашатын ғажап иісіне бірде-бір алма сорты тең келмейтін анық. Жаңа сабақ а/ Моншақтан алма тоқудың нұсқау картасымен түсіндірмелі жұмыстар жүргізу ә/ Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру б/Нұсқау картасын тарату III.Сарамандық жұмыс: Моншақтан алма тоқудың нұсқау картасы 1 Алты моншақты лескіге тізбектейміз моншақ, лескі 2 Тізбектеген моншақтардың соңғысына екі лескіні шалу арқылы айқастырамыз 3 Бес моншақпен алманың екінші қатарына шығамыз 4 Жеті моншақпен үшінші қатарын аяқтап, алманын түбін бітіреміз 5 Алма кезек алты- бес моншақтан тізіп отырып, алманың 4 қатарын аяқтаймыз. 6 Алты моншақты тізбектеп отырып,5 қатарын бітіріп, 6 қатарға шығамыз. моншақ, лескі 7 Алма кезек алты- бес моншақтан тізіп отырып, алманың 6 қатарын аяқтаймыз 8 Алты моншақты тізбектеу арқылы алмамызды аяқтап, жапырақшасына көшеміз. 9 Моншақты бес-бестен тоқып, жапырағын жасаймыз 10 Алманың дайын түрлері Топтық жарыс: Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады:І топтың жұмбақтары:Түсі бар ақты,көкті,қызыл ала,Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.Қойыпты ортасына қазық қағып,Сүйкімді көреді екен бала-шаға. /Жауабы: алма ағашы/Алма дерсің,түсіне қарап,Жүгері дерсің,ішіне қарап,Татсаң тәтті,бал-шарбәтті. /Жауабы: анар/ ІІ топтың жұмбақтары:Үлкендігі алмадай,Сырты жанған қызыл от.Ішін жарып қарасаң-Майда, майда қызыл шоқ /Жауабы: анар/Отырған мекен етіп жапан дала,Бір талай мақұлыққа болған ана.Мезгілі жеткен шақта жүкті болып,Алты айда табады екен сансыз бала. /Жауабы: алма ағашы/ Мақал-мәтелден жарыс: Мақалдың  бірінші  жартысы  оқылады,  ойыншылар  екінші  жартысын  тауып,  жалғастырады.  1/. Еңбек қылсан ерінбей,..../Тояды қарның тіленбей./ 2/. Еңбек деген байлық бар, ... /Ерінбеген жететін./3/. Еңбек түбі,  ...  /-қуаныш./  4/. Саусақ бірікпей,  ...  /ине ілікпейді./5/. Бірлік болмай,  ...  / тірлік болмас/6/. Ырыс алды  ... /-ынтымақ/7/. Жеті  түрлі  білім  біл,  ...  /жеті  жұрттың  тілін  біл/8/. Оқусыз  білім  жоқ,, ...  /білімсіз  күнің  жоқ/  ІҮ.Қорытынды: Не үйрендік? Не үйренгіміз келеді? 1.Алма туралы мағлұмат алдық.2.Алма түрлерімен таныстық.3.Алманы моншақпен тоқып үйрендік.4.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрендік. Моншақпен басқада жеміс-жидектерді тоқып үйренгіміз келеді. Топтардың тілектері Қызыл алма тобы:Қызыл таңнан тұрам да,Қызыл алма жинаймын.Алатаудың апортын,Сары алма тобына сыйлаймын. Сары алма тобы: Бақ ішінде алмалар, Бар жемісі бағалы. Көрген адам таңданар, Көздің жауын алады Алма галлереясына саяхат