?зін-?зі тану п?ні бойынша презентация: Жа?сылы?тан жа?сылы??а (4 сынып)


Тақырыбы:“Жақсылыққа ұмтылайық” Сәлемдесу Тыныштық сәті: “Нұрға бөлену” Үй тапсырмасын сұрау М.Көккөзов “Бұлақ сылдыры” Сұрақ қою1. Керуеннің алдынан қандай адам кездеседі?2. Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?3. Сендер солай жасай алар ма едіңдер?4. Шалдың жасаған жақсылығы қандай . жақсылық боп оралды?5. Осы әңгімеден қандай ой түйіндеуге болады? Дәйексөз“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” (Халық нақылы) Жақсылық жасау дегеніміз, тек қана көшеде жүгі ауыр кісіге көмектесу немесе қария адамның үйін жинастыру, құстарға жем шашып, гүлге су құю емес. Науқас кісінің көңілін сұрап, жақсы сөз айту да жақсылықтың үлкені. Шамамыз жеткенінше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін есте ұстауымыз қажет. Мұғалім сыйы “Екі ит туралы аңыз” Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі бері осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.Жасы 70-ке жеткен атасы немересіне күлімдеп қарады да:«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.— Ненің таңбасы?— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?“деп сұрайды.Атасы балаға қүлімдеп қарап:"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!" “Жақсылық кез келген адамның қолынан келеді” Ой қозғау1. Бейнетаспадан қандай ой түйюге болады?2.Бала айналадағы адамдарға, жануарға, қандай жақсылық жасады?3. Бейнетаспадан қай құндылық көрініп тұр?4. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?  Жақсылық жасау - әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді
Шығармашылық іс-әрекеттер. Топтық жұмыс Тапсырма:  мақал –мәтелдерді құрастыр 1 топ Өзі жақсы кісіге,.... Таудың басын көр де, түбіне барма, жақсының....Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының ... 2 топ Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп... Жақсы ай мен күндей ... Күн ортақ, ай ортақ ... 3 топ Жақсы кісі қартайса да, ақылынан танбас, жақсы ат... Ай жарығы – әлемге, ... Жақсының өзі өлгенімен ... (сөзі өлмейді).(бір кісілік орын бар).(өзін көр де, үйіне барма). ( ашуы бар, кегі жоқ).( мақтанба, жеңіп қайтпай). (әлемге бірдей). (жер ортақ). (шам жарығы – түбіне) .( қартайса да, жүрісінен танбас).




Топпен ән айту «Жақсы адамдар» әні мен сөзі: А. Оралов1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.Табаныңның астында жатады әліПенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.Жақсы адамдар.2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы:Жақсы адамдар, жақсы адамдарКүйіп кетсін көре алмас бәтшағарларЖақсы адамдар, жақсы адамдар,Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарларЖақсы адамдар Топпен ән айту «Жақсы адамдар» әні мен сөзі: А. Оралов1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.Табаныңның астында жатады әліПенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.Жақсы адамдар, жақсы адамдар,Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.Жақсы адамдар.2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Қайырмасы: ҚорытындыБүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық