Презентация ?зін-?зі тану та?ырыбы: Жа?сылы? жан жадыратады


Сабақтың тақырыбы:Жақсылық жан жадыратады
ppt_y Құндылық: Ішкі жан тыныштығыҚасиеттер: Жақсылық жасау, ізгілік, мейірімділік Мақсаты: Жан тыныштығының адам өміріндегі маңыздылығын оқушыларға ұғындыру Міндеттері:- оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу- өзгенің ізгі қасиеттерін көре білуге баулу- мейірімділік қасиеттерін дамыту Тыныштық сәті Үй тапсырмасын тексеруДәптерде берілген жақсылық кестесін толтыру тапсырмасын тексеру, өткен сабақты қорыту Дәйексөз Жан тыныштығын әр уақытта жақсы ісіңнен ізде. Әбіш Кекілбаев Аңыз әңгіме Өмір сүрудің ең жақсы жолыСұрақтар:Шағын ғана ауылда қандай кісі өмір сүрді?Балаларын қандай мақсатпен шақырды?Ұлдары ақшаны қандай нәрселерге жұмсады?Қай ұлын өз мұрагері етті?Әңгіме қандай құндылыққа негізделген? Шығармашылық жұмысСахналау. Карточкалардағы тапсырмалар: 1. Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш; 2. Сыныбыңдағы оқушы басқа мектепке ауысып барады, қоштасу кезіндегі мұң; 3. Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық; 4. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш; Оқушылар адамның көңіл күйі, түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігін, оның өзге адамдарға қалай әсер ететіндігін терең түсіне біле түседі. .Топпен ән айтуХалық әні: Ақжайнақ Үй тапсырмасы“ Менің жақсы істерім” тақырыбына эссе жазу
Жан тыныштығына жету(Дейл Карнегидің кеңестері)Ойыңыз көңілді болсын, өзіңізді көңілді ұстауға тырысыңыз, сонда өмірге құлшынысыңыз өсе түседі. Көптеген адамдар өздерінің қаншама бақытты болғысы келгенмен талпынысына сай бақытты болады.2. Ешқашанда өзіңізге жамандық жасаған адамға өштесіп, қарымта жамандық жасауға тырыспаңыз, өйткені сіз бұл қылығыңызбен өзіңізге көп залал келтіресіз. Генерал Эйзенхауэр сияқты жасаңыз. Ол кісі: «өзіңіз жақтырмайтын адам туралы ешқашан да бір минуттан артық ойланбаңыз», - деген екен.3. Біреудің рақымсыздығына ренжіп, уайымдаудың орнына ешкімнен мақтау күтпеңіз. Есіңізде болсын, бақытты болудың бірден-бір жолы – біреуден рақмет күту емес, өз қуанышыңыз үшін жақсылық жасау.4. Өзіңіздің бастан кешкен сәтті кездеріңізді ғана есептеп, жамандықтарды ұмытыңыз. Өмірде алдыңызға екі мақсат қойыңыз. Біріншісі – ұмтылған нәрсеге қол жеткізу. Екіншісі - өз жетістіктеріңізге қуана білу.5. Біреуге еліктемеңіз. «Еліктеу - өзіңізді өзіңіз өлтіру».6. Өмірде ең бастысы - өзіңіздің табыстарыңызды барынша пайдалану емес. Бұл кез келген ақымақтың қолынан келеді. Ең бастысы - өзіңіздің жоғалтқан нәрсеңізден пайда табу. Ал бұған ақыл керек, ақылды мен ақымақтың айырмашылығы осында. Егер сізге тағдыр лимон сыйласа, лимонад жасауға тырысыңыз!7. Өзіңізді жабықтыратын оқиғаларды ұмытыңыз, басқаларға бақыт сыйлауға тырысыңыз. «Біреуге – жақсылық жасағаныңыз - өзіңізге көмектескеніңіз».          Соңғы тыныштық сәтіҚорытынды Адамның жан дүниесі тынышталса оныңотбасы да тыныштық болады, отбасындатыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады, қоғамда тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады, мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде тыныштықболады. Халық даналығы.