Татулы? — бірлік бастауы


Сабақтың тақырыбы: Татулық – достық кілті
Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті: 1. Татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы мәнін ашу. 2. Адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.Күтілетін нәтиже: 1.Татулық пен бірліктің қарым – қатынастағы мәнін ұғынады. 2. Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.

Тыныштық сәті
Топқа бөлу

Миға шабуыл Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесің? Ашық, ақкөңіл, мейірімді, айналасына жақсы көзқараста болу, шыншылдық, керек кезде қол ұшын беру, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты сақтауға не әсер етеді?Достық, ынтымақтастық, татулық, әдептілік, кішіпейілдік.


Құстар торға қалай түсті аңызынан қандай ой түйдіңдер?Үнді аңызынан ой түйсек: құстардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір – біріне қамқорлық танытуынан байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым - қатынас ұласады.

Сабақтың тақырыбы: Татулық - достық кілті

Мәтінмен жұмыс Бала жетектеген әйел (А. Хамзаұлы )Эдвард де Боно әдісі бойынша талдауМенің түйсіктік әсерім қандай? Жағымды тұстары қандай? Өмірлік қандай сабақ алдым?Менде қандай ақпарат бар?Маған не ұнамады?Менде қандай идеялар бар?
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
Менің түйсіктік әсерім қандай? Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, қай жерде, қай елде болса да жүректерінің қазақ деп соғуы. Ең бастысы адамдгершілігі мол, жүрегі пәк, ниеті таза жандардың болуы, тату болып бірлікте өмір сүруі. Маған не ұнамады?МҰСАНЫҢ ТУҒАН ЖЕРІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН КӨШІП КЕТУІ. Жағымды тұстары қандай? Мұсаның қазақ жерін, қазақ елін аңсауы, сағынуы. Алыс шет жақта жүрседе , жалғыз болса да қазақ ағайындарының бірін - бірі іздеп табуы.




Менде қандай идея бар?Татулық – таусылмас бақыт. Бірліктің арқасында басқа елдермен ынтымақтастықта, татулықта, бірлікте өмір сүру. Бірлік - таусылмас қазына. Өмірлік қандай сабақ алдым? Елімізде тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі, достығы, татулығы арқылы қол жеткіздік. Адам достық қарым - қатынасты бағалай алса, адамдар арасында татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру , оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді. Менде қандай ақпарат бар?




Шығармашылық жұмыс«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»Татулық туралы мақал-мәтелдер?“Татулық “ сөзін суреттеуТатулық - таусылмас бақыт. Тату елдің тамағы таусылмайды. Татулық болмай – тіршілік болмайды. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.




Тапсырма “Венн диаграмма” Қазақ халқы Орыс халқы Ортақ Кішіпейіл, Жанашыр, мейірімді, қамқоршы, ақкөңіл. Шыншыл, адал, қамқоршы, кеңпейіл , Отаны бірдің - жаны бір, жүрегі бір. Татулықта, ынтымақтастықта өмір сүреді.




“Кезбе тілші” жаттығуы (Топтарда ........ жаңалықтар бағдарламасын жасау)Тілші өз ұсынысын айтады?

Үйге тапсырма: “Халықтар достығы” тақырыбына фестиваль сценарий жазу
“Бағдаршам”әдісі Қызыл – маған түсініксіз мәселелер орын алды.Сары – мен кейбір мәселелерді енді естіп отырмын.Жасыл – мен өзіме қажетті нәрселерді алдым. Тыныштық сәті
Тыныштық сәті !!!!Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.