Презентация на тему WHILE, REPEAT-UNTIL операторлары (9 сынып)


Сабақтың тақырыбы: WHILE, REPEAT-UNTIL операторлары. 9 сынып REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы  WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты  цикл соңында тексеріледі, сондқтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады (while операторында керісінше болатын  Циклдің процестері ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе программаларды құрғанда кездеседі. Әрине бұл оператор бірден белгісіз санның қайталануынан немесе берілген формуламен есептелетін болса ғана қолданылады. Repeat операторының жалпы жазылуы:Repeat<циклдің денесі>Until<шарт> Мұндағы, қызметші сөздері Repeat- қайтала, Until- соған дейін деген мағынада қолданылады. Цикл денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санын шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.          Орындалу ережесі: Repeat сөзінен кейін жазылған операторлар бір рет орындалады. Шарт жалған болса операторлар қайталанып орындала береді. Шарт ақиқат болғада ғана тоқтайды, яғни орындалмайды. Repeat операторы алгоритмдік тілдегі "дейін” цикл командасына ұқсас. "Әзір” цикл командасынан "дейін” циклінің айырмашылығы: қойылған шартқа тәуелсіз бірнеше цикл денесі орындалады. Сонан кейін, шарт тексеріледі. Демек, шарт ақиқат болмаса цикл денесі кемінде бір рет орындалады. Repeat операторының қызметін суреттегі блок схема арқылы сипаттауға болады.      Цикл денесірт          Repeat операторы құрамды оператордың орындалуын талап етпейді. Бірақ бұл Repeat операторы циклдің бір рет те орындалуын қажет ететін жағдайда циклдарды жазуға жарамайды. Егер мұндай жағдайда болса, онда алғышарт операторын қолдануымыз керек. Мысалы: 1кг ірімшік 300 теңге тұрады. Ірімшіктің 100,200,300,...1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығарудың программасын жазайын.  Program pr2;Var m:integer; {}       z:real;{}Beginm:=100;Repeatz:=(300*m)/1000;Writeln(m,’___’,z);m:=m+100;until m>1000;readlnend.