Информатика п?ні Есептеуіш техника кабинетіндегі ?ауіпсіздік ережелері


Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері6 сынып Қауіпсіздік талаптарыЖалпы қауіпсіздік талаптарыДК-де жұмыс істеуді бастау алдындағы қауіпсіздік талаптарыДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарыАпат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптарыДК-де жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптарыАлғашқы медициналық көмек көрсету әдістері Жалпы қауіпсіздік талаптарыМұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайдыМұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынадыҮстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиісПернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайдыКомпьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдындағы қауіпсіздік талаптарыДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдардың жинақы тұруына көңіл бөлу керек.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарыЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек. Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптарыДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады ДК-де жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптарыАппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.Жұмыс орнын ретке келтіру керек.Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріЭлектр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру) Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.Күйген кезде көмек көрсетуАдам күйікке шалынған жағдайда:Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріТалып қалғандағы көмек көрсетуАдам талып қалған жағдайда:Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсетуАдамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек. 1.Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге 2.Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға 3.Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге 4.Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге 5.Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге 6.Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға 7.Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге 8.Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға 9.Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге 10.Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге 11.Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге 12.Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға 13.Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге 14.Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға 15.Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге 16.Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға 17.Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге18.Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына19.Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға 20.Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге 21Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға