География п?нінен саба? жоспары, презентация. Та?ырыбы:?зендер 6-сынып


География пәні мұғалімі Керешова Ақтоты6-сынып Өзендер Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға өзендер, шоңғалдар мен сарқырамалар, өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері жөнінде түсіндіру.Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап.1. Ағыстар.2. Жылы ағыстар.3. Суық ағыстар.4. Мұхит тіршілігі.5. Мұхит қорлары.Қорытындылау.
Өзендер.Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. ШОҢҒАЛ – өзен арнасының қатты тау жыныстары ашылып жатқан немесе дөңбек тастар үйіліп қалған бөлігі. Ондай жерлерде өзен суы тастан тасқа шапшып, буырқанып ағады. Шоңғал әсіресе тау өзендеріне тән.Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі. Жаңа сабақты бекіту.1-тапсырма.Өздерің тұратын өлкедегі бір өзенді алып, сол өзеннің бөліктерін сипаттаңдар.2-тапсырма.Қазақстан жеріндегі өзендерді қоректену көзіне қарай жіктеңдер.
ЖылғаТұрақты ағыс.БастауӨзеннің басталар жері.СағаӨзеннің құяр жері.АңғарӨзеннің әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағуы.ЖайылмаАңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі. Сұрақ-жауап.1. Өзен бөліктері.2. Өзенге жер бедерінің әсері.3. Шоңғалдар.4. Сарқырамалар.5. Өзеннің шаруашылыққа маңызы. Қорытындылау, бағалау.Үйге тапсырма: Өзендер.