Презентация по казахскому языку ?асым Аманжолов ?асым-?уен! ?асым-Жыр! ?асым-А?ын!


Поэзия сағаты Ей, тәкаппар дүние,Маған да бір қарашы!Танисың ба сен мені?Мен – қазақтың баласы! Қасым Аманжолов(1911-1955) Хронологиялық кесте Жылдар Оқиғалар 1911 жыл 10 қазан Ақын Қасым Аманжолв Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. 1924 -1930 жыл Семей қаласындағы интернатқа орналастырады, одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. Жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. 1933 жылы Міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді. 1935 жылы Әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 1936-1941 жылдары Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. Жылдар Оқиғалар 1938 жылы Тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді. 1941 жылы Ақын армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. 1945-1949 жылдары Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты. 1954 жылы Қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтар Ақын, аудармашы, сазгер Қасым Аманжолв мәңгілікке көз жұмды. 2001 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді. Хронологиялық кесте Ақын шығармашылығыныңжинақтары Ақынның жеке заттарынан фотокөрме Ақынға қойылған ескерткіштер Аққорадағы Қасым ескерткіші Қасым ауылындағы ескерткіші Ақын зиратын қойылғанқұлпытас Ақынның отбасылық суреттерінен фотокөрме Қасым Аманжолов жұбайы Сақыпжамалмен Қасым Аманжолов қыздары Жанна, Дариға және зайыбы Сақыпжамалмен бірге Қасым, Дариға, Сақыпжамал Сақыпжамал шешесімен, Жанна, Дариға Ақын және оның майдандас достары Қасым Аманжолов майдандастарымен Қасым Аманжолов майданда Ақын әріптестерінің арасында Отырғандар: Ғали Орманов, Мәриям Хакімжанова, Қасым Аманжолов, түрегеп тұрғандар: Әбілдә Тәжібаев пен оның әйелі Сара Солдан оңға қарай:Әуезхан Көшімов, Сырбай Мәуленов,Қасым Аманжолов және Әбжан Омарбаев Қасым мен халық ақыныНұрқан Ахметбеков Ақынның жас кезіндегі ортасы Қасым Орал қаласының көркемөнерпаздары арасында Қасым жас жазушылар арасында Қасым жас ақындарға өлең оқып тұр “Бір күй бар домбырамда... ” (Иесі Қасым)Қасым солай болмаса, несі Қасым?!Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын.